Таразда Өзбекстанда бокстан өткен әлем чемпионатының жүлдегерлері Асыланбек Шымбергенов пен Дулат Бекбауовқа құрмет көрсетілді.
Оларды Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов әлем чемпионатындағы жетістіктерімен құттықтады. Сондай-ақ ол боксшылардың жеке жаттықтырушылары — Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Нұрлан Ақүрпеков пен жаттықтырушы Ермек Ертаевтың сіңірген еңбектерінің зор екенін айтып, құрмет көрсетті.
Кездесуде өңір басшысы боксшылардың ата-аналарына да алғыс айтып, әлем чемпионатының жүлдегері атанған перзенттеріне Тараз қаласынан пәтер берілетінін жеткізді
Осы жерде облыс әкім әлем чемпионы Асыланбек Шымбергеновке – үш бөлмелі, Дулат Бекбауовқа екі бөлмелі пәтерлердің кілттерін табыс етті. Одан кейін Шымбергеновтің жеке жаттықтырушысы Ермек Ертаевқа 5 млн теңгенің, Бекбауовтың жеке жаттықтырушысы Нұрлан Ақүрпековке 3 млн теңгенің сертификаттарын тапсырды.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА