Әлемнің 58-ракеткасы Юлия Путинцева «Ролан Гаррос» турнирінің екінші айналымына шықты.
Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 89-орында тұрған Бельгияның атынан сынға түсіп жүрген тегі украиналық Марина Заневскаямен кортта кездесті. Теннисшілер матчты брейк алмасумен бастады. Дегенмен, Марина Заневская бұдан кейін қатарынан үш геймді алды. Есеп – 4:1. Одан кейін Юлия Путинцева да да қалыспай, есеп 3:5 болғанда қарсыласының сетті алуына мүмкіндік берген жоқ.
Екінші сетте есеп 4:3 болған кезде қазақстандық теннисші өз геймін пайдалана алмады. Дегенмен тай-брейкте қырағылық танытты. Сөйтіп, ол қарсыласын 7:5, 7:6 (7:3) есебімен ұтты.
Енді Юлия Путинцева екінші айналымда әлемнің 19-ракеткасы қытайлық Чжэн Циньвэньмен ойнайды.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА