• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    XIX Азия ойындары: Қазақстан үшінші жүлдені алды

    Қытайдың Ханчжоу қаласынан тағы бір қуанышты хабар жетті. Қазақстан спортшылары Азиадада үшінші медальді жеңіп алды.

    Бұл жүлдені тапаншамен оқ атудан 25 метр қашықтықтағы нысананы дәл көздеген Никита Чирюкин иеленді. Сөйтіп, ол Қазақстан құрамасына екінші қола медальді сыйлады. Ал осы жарыста бас жүлдені қытай спортшысы Ли Юхонг иеленді. Никита Чирюкин 26 ұпай жинады.

    Никита — көптеген беделді жарыстардың жеңімпазы және жүлдегері.  Бүгін де ол биіктен көрінді. Бәсекелестік қиын болғанына қарамастан ол өзінің шеберлігін көрсетті. Никитаны, оның командаластары мен жаттықтырушыларын осы жүлдемен құттықтаймын,- деді туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.

    Әзірше Қазақтан жалпыкомандалық есепте үздік бес елдің құрамасының тізіміне кірген жоқ. Бұл тізімде екі алтын жүлдеден көп медаль алған елдердің өкілдері бар. Соның ішінде көршілес Өзбекстанның спортшылары 3 алтын, 4 күміс және 3 қола медальмен төртінші орында тұр. Ал топты қытай саңлақтары бастап келеді. Олар 27 алтын, 11 күміс және 5 қола жүлдені иеленген. Одан кейінгі орында 5 алтын, 6 күміс және 6 қола медальмен Оңтүстік Корея орналасқан.

    Үшінші орынды 3 алтын, 9 күміс және 6 қола жүлдемен жапон спортшылары иелік етіп отыр. Төртінші орында Өзбекстан болса, үздік бестікті Гонкогтың қыз-жігіттері түйіндеді. Оларда 2 алтын, 2 күміс және 6 қола жүлде бар.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    ФОТО: Туризм және спорт министрлігі

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *