Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан IV Пара Азия ойындарында пара пауэрлифингтен 45 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Гүлім Құрманбаева қола медаль иегері атанды.
Осымен Қазақстан Қазақстан спортшыларының қоржыны тағы бір қола жүлдемен толықты. Оның алдында үшінші орынды пара каноэден Максим Богатырев пен Жаңыл Балтабаева жеңіп алған еді.
Қазір Қазақстан спортшылары екі алтын, үш күміс және үш қола медальді иеленіп отыр. Алтын жүлдені пауэрлифтер Давид Дегтярев пен пара дзюдодан J2 cанаты бойынша 48 келі салмақта өнер көрсеткен Ақмарал барлық қарсыласынан басым түсті.
Пара Азия ойындары 22-28 қазан аралығында Қытайдың Ханчжоу қаласында 22 қазанда басталды. Ол 28 қазанға дейін болады. Биылғы жарыс осымен төртінші рет болып жатыр. Параазиадаға елімізден спорттың 14 түрінен 131 спортшы қатысуда.
Параазиадада жалпы саны спорттың 22 түрінен 564 жүлде жиынтығы ойнатылатын болады. Атлеттер пара дзюдо, пара пауэрлифтинг, пара жүзу, пара жеңіл атлетика, пара таэквондо, пара оқ ату, пара садақ ату, отырып ойнау волейболы, пара үстел теннисі, пара велоспорт, пара академиялық есу, шахмат, бочча, каноэ сынды жарыстарға қатысады.
Еске сала кетейік, спортшылар мен жаттықтырушыларды бір жолғы қаржылай қолдау Азия ойындарының жүлдегерлерімен бірдей мөлшерде болады. Осылайша, Азия Пара ойындарының чемпионы атанған спортшы 10 000 АҚШ доллары көлемінде ақшалай сыйақы алады. Ал алтын медаль иегерін жарысқа дайындаған жаттықтырушы – 5 000 АҚШ доллары. Параазиаданың күміс жүлдегері 5 000 АҚШ доллары, ал оның жаттықтырушысы 3 000 АҚШ долларын алады. Сондай-ақ қола медаль жеңіп алған ұлттық құраманың спортшысы үшін 3000 АҚШ доллары көлемінде ақшалай ынталандыру және оның жаттықтырушысы үшін 2 000 АҚШ доллары көлеміндегі сыйлық қарастырылған.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА
ФОТО: Туризм және спорт министрлігі