• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    IBA президенті Умар Кремлев Азиададағы төрешілердің жұмысын сынады

    Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) президенті Умар Кремлев Астанада бокстан жастар және жасөспірімдер арасында басталған Азия чемпионаты кезінде Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен Азия ойындарындағы төрешілердің жұмысын сынға алды. Ол Atameken Business  арнасына берген сұхбатында Азиададағы төрешіліктің өте төмен деңгейде болғанын айтты.

    Шынын айтқанда төрешілердің жұмысына менің де көңілім толмады. Мен сол үшін Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) президенті Томас Бахқа наразылығымды білдіріп, сауал жолдадым. Мәселе Халықаралық бокс федерациясының (IBF) төрешілігінде емес. Мәселе төрешілердің жұмысына көлденең көк аттылардың араласып кететіндігінде. Мені осы мәселе қатты алаңдатты. Сондықтан Халықаралық Олимпиада комитеті өзінің жұмысын реттеп алу керек. ХОК шаршы алаңда кімнің жеңетінін шешпеу керек. Рингте шын мықты ғана жеңу керек, — деді ол.

    Оның айтуынша, мұндай әділетсіздік Олимпиада мен Олимпиялық ойындарға іріктеу жарыстарында әлі де болып жатыр. Ал әлем чемпионатында әділетсіздік жоқ.

    Біз төрешілік мәселесін шағым түсіру арқылы шешіп тастадық. Қазір әлем чемпионатында әділетсіздік атымен жоқ. Боксшылар шағым түсіре беру керек. Әділетсіз шешім шықса, бірден шағым жазу керек. Сонда ғана біз жекпе-жектің әділ бағасын аламыз, — деді Умар Кремлев.

    Еске салсақ, биылғы Азиадада төрешілердің бармақ қысты, көз қысты әрекетінен Қытайға медаль үшін барған талай боксшы жарыс жолынан шығып, жүлде ала алмай қалған еді. Соның ішінде Асланбек Шымбергенов те бар. Осыған байланысты Қазақстан бокс федерациясы Асланбек Шымбергеновтің жартылай финалдағы жекпе-жегіне қатысты Халықаралық Олимпиада комитетіне наразылық білдірген болатын.

    Бұл жекпе-жекте Асланбек Шымбергенов төрешілердің кесірінен жапон Севон Оказавадан жеңіліп, Азия ойындарында қола медаль алды.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    ФОТО: Facebook/Кеңес Рақышев/sportrbc.ru

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *