• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Житкеев пе, Имашев па әлде Жылгелдиев пе? Спортшы һәм жаттықтырушы ретінде қайсысы мықты?

    Асхат Расулұлы Житкеев 1981 жылы 13 сәуір күні Алматы облысы Ақсу ауданында туған. Дзюдодан ҚР еңбек сіңірген спорт шебері.  

    Жетістіктері:

    Ересектер арасында әлем чемпионатының қола жүлдегері (Мюнхен-2001);

    Ересектер арасында Азия ойындарының қола жүлдегері (Пусан-2002);

    Ересектер арасында Азия чемпионы (Чеджу-2003);

    Ерсектер арасында Азия чемпионы (Алматы-2004);

    Жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері (Доха-2006);

    Ерсектер арасында Азия чемпионатының күміс жүлдегері (Ташкент-2005);

    Жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері (Пекин-2008).

    Жаттықтырушылық жолы:

    «Астана батырлар жекпе-жек» клубында дзюдодан нұсқаушы, Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері, Қазақстан дзюдо федерациясының бас хатшысы, Азия дзюдо одағының рефери директоры.

    Айбек Әсетұлы Имашев 1992 жылы 15 шілде күні Атырау облысы Құлсары қаласында дүниеге келген. Сегіз жасынан дзюдомен айналысқан. Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-колледжінің түлегі. ҚР Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Алғашқы жаттықтырушысы Әділ Бисенқұлұлының қоластында жаттығып әлем және Еуропа кубогының иегері атанған.

    Жетістіктері:

    Жастар арасында Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері, (2011 ж.); Жастар арасында Азия чемпионы, (Ливан-2011);

    Әлем кубогының күміс жүлдегері, (Польша-2013);

    Еуропа кубогының жеңімпазы, (Прага-2014).

    Жаттықтырушылық жолы:

    Маңғыстау облысы дзюдо құрамасының аға жаттықтырушысы (2018-2019 жж);

    Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы (2019-2021 жж);

    Маңғыстау облысы Т.Жолдыбаев атындағы дзюдо орталығының басшысы (2021-2022);

    Маңғыстау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының орынбасары (2022-2023 ж. қараша);

    Қазақстан дзюдо федерациясының атқарушы директоры (2023 ж., 9 қарашадан).

    Ғалымжан Жамбылбекұлы Жылгелдиев 1970 жылы 13 тамыз күні Жамбыл облысында дүниеге келген. Самбодан ҚР Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақ күресінен спорт шебері, Дзюдодан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы.

    Жетістіктері:

    Ересектер арасында самбодан әлем чемпионатының қола жүлдегері (Омбы-1993);

    Ересектер арасында самбодан әлем чемпионатының қола жүлдегері (Новый Сад-1994);

    Ересектер арасында самбодан Азия чемпионатының күміс жүлдегері (1993);

    Ересектер арасында самбодан Азия чемпионы (Алматы-1994);

    Ересектер арасында самбодан Қазақстан чемпионы (1994).

    Жаттықтырушылық жолы:

    Дзюдодан Қазақстан жасөспірімдер құрамасының аға бапкері (2006 -2010 ж), Қазақстан ұлттық құрамасының бапкері (2015-2020 жж), Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері (2020-2022 жж).

    Әлем және Қазақстанға белгілі шәкірттері:

    Елдос Сметов, Азия чемпионатының қола жүлдегері (Бангкок-2013), Азия ойындарының жеңімпазы (Инчхон-2014), әлем чемпионы (Астана-2015), Рио-де-Жанейро олимпиадасының күміс жүлдегері (2016), Азия чемпионы (Ташкент-2016), әлем чемпионатының қола жүлдегері (Токио-2019),Токио олимпиадасының қола жүлдегері (2020), әлем чемпионатының қола жүлдегері (Ташкент-2022);

    Ә.Қалқаманұлы, жастар арасында әлем чемпионатының күміс жүлдегері (Оңт. Африка-2011), ересектер арасында дзюдодан үш дүркін ҚР чемпионы, Еуропа кубогының қола жүлдегері (Германия-2014), Азия ойындарының күміс жүлдегері, аралас командалық сайыста (Инчхон-2014), Гран-При турнирінің қола жүлдегері (Астана-2014);

    Ғ.Қырықбай, Дүниежүзілік универсиаданың жеңімпазы (Неаполь-2019), Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері (2020), Гранд Слам турнирінің қола жүлдегері (Токио-2022), Гранд Слам турнирінің қола жүлдегері (Астана-2023);

    М.Есболаев, жасөспірімдер арасында Еуразия ойындарының күміс жүлдегері, жастар арасында Қазақстан чемпионатының жеңімпазы.

    Б.Шәймерден, Дүниежүзілік универсиаданың қола жүлдегері (Тайпэй-2017), Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері (Атырау-2022), кураштан жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері (Ханчжоу-2023).

     

    Дайындаған Айбек МҰХАНОВ,

    Қазақстан Журналистер одағының мүшесі

    Маңғыстау облысы

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *