• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Маңғыстаулық спортшылар жылды қалай қорытындылады?

    Маңғыстау облысы әкімінің өкімімен жақында ғана дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болып Мақсат Асқарұлы Мұқаш тағайындалды. Бір жылда үшінші басшысы мекеменің тізгінін қолына алды.

    Біз бұл басшыдан 2023 жылдың қорытындысы бойынша ақпаратын сұрадық.

    Мақсат Мұқаштың айтуынша, қазіргі таңда басқармаға бағынысты 33 мекеме бар. Олар — облыстық олимпиадалық резервін даярлау орталығы, ұлттық спорт түрлерінің орталығы, Шоқыр Бөлтекұлы атындағы Маңғыстау облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебі, облыстық футбол бойынша олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі, облыстық күрес бойынша олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі, облыстық күрес бойынша олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі, облыстық бокс бойынша олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі, Ақтау қалалық Маңғыстау-Арена балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, Ақтау қалалық теннис бойынша балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, облыстық каратэ-до бойынша мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, облыстық қазақ күресі және дзюдо бойынша балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, облыстық «Жас Батыр» мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, облыстық желкенді спорт бойынша балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, 6 клуб және 14 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі.

    Өңірді республикалық және халықаралық деңгейде дәріптеген облыс спортшыларының еңбегін ерекше атап өтуге болады:

    1. Маңғыстау облысының спортшысы Эльдар Бірімбай таеквондодан (WT) ересектер арасында өткен ҚР кубогының жеңімпазы атанып, ХІХ жазғы Азия ойындарына жолдама алды. Сонымен қатар Э.Бірімбай осы жылы Австрияның Инсбрук қаласында таеквондодан (WT) халықаралық Austrian Open G-1 рейтингтік турнирінің жеңімпазы атанды.
    2. Маңғыстаулық Әбу-Бәкір Жәнібек джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды. Сондай-ақ осы спортшы ақпан айында Бангкокта (Тайланд) джиу-джитсудан Азия чемпионы атанған болатын.
    3. Маңғыстаулық Бекзат Нұрдәулетов бокстан Астанада өткен VI жазғы Спартикиаданың күміс жүлдегері атанды. 15 желтоқсан күні Халықаралық бокс федерациясының ұйымдастыруымен өткен «Чемпиондар түні IBA» жекпе-жек өткізіп жеңімпаз атанды.
    4. Нұрдәулет Жарылғапов қазақ күресінен +100 келіден жоғары салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанып, екінші жыл қатарынан «Дала қыраны» титулын иеленді. Нұрдәулет «Қазақстан Барысы» турнирінің күміс жүлдегері (2022, 2023 жж), Азия чемпионатының жеңімпазы (Өзбекстан, 2023 ж).
    5. Маңғыстаулық Асқар Нарқұлов Дүние жүзілік универсиаданың қола жүлдегері атанды (Қытай). Айта кетсек, осы жылы А.Нарқұлов дзюдодан әлемдік Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысының қола жүлдегері атанды.

    Сұңғат Жұбатқан әлемдік Гран-При жарысының қола жүлдегері атанған болатын.

    1. Камиль Куруглиев еркін күрестен Азия чемпионы атанды. 19 шілде Иордания астанасы Амман қаласында күрес түрлерінен (U15&U20) Азия чемпионатының сегізінші күні U20 еркін күрестен 5 салмақ дәрежесінде белдесулер өтті.
    2. Иран астанасы Тегеран қаласында 18 жасқа дейінгі спортшылар арасында ITF Juniors J100 TeҺran сериясының турнирі өтіп, Данил Рахматуллаев ITF Juniors сериясындағы теннис турнирінде жеңіске жетті.
    3. Мейірлан Максим 20-21 мамырда Испанияның Малага қаласында өткен дзюдодан жастар арасындағы Еуропа Кубогының жеңімпазы атанған. Сондай-ақ маңғыстаулық Мейірлан Максим дзюдодан Еуропа Кубогының жеңімпазы, Германияның Берлин қаласында дзюдодан жастар арасында өткен Еуропа Кубогында 81 кг салмақта чемпион атанды.
    4. Самбодан өткен әлем чемпионатында 54 кг салмақта Гүлдана Әлмұхамбетова қола жүлдегер атанды. Сондай-ақ спортшы тамыз айының басында Армения мемлекеті, Ереван қаласы Армения ұлттық олимпиада комитетінің президенті Г.Царукян кубогында қола жүлдегер атанды. Осы жылы Беларусьтың Жлобин қаласында өткен жатқан ТМД елдерінің ІІ ойындарында самбо спорт түрінен қола медаль иегері атанды.
    5. Жапонияның Мацуяма қаласында 3-5 қараша аралығында Ашихара каратэден әлем чемпионатында жасөспірім спортшы Диас Исенбай алтын және Ардақ Дидар қола медаль жеңіп алды.
    6. Саматәлі Төлтаев Дебрецендегі (Венгрия) Иштван Бочкайды еске алуға арналған халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды.
    7. «Ұлы дала жорығы»: Маңғыстау облысының шабандозы рекорд орнатты. «Рекорд» командасының 21 жастағы Мағжан Абдолұлы 1300 шақырымды бағындырды.
    8. Әсем Таңатар бокстан жастар арасындағы Азия чемпионы атанды.
    9. Маңғыстаулық спортшы Бекзат Қапашов грэпплингтен өткен әлем чемпионатында /ноги бағбарламасында/ ересектер арасында 66 келіде күміс жүлдегер атанды.
    10. Маңғыстаулық каратэшілер Азия чемпионатында 1 алтын, 1 күміс және 3 қола жүлде иеленді. Алматы қаласында WKF каратэден жасөспірімдер мен жастар арасында өткен ХХІ Азия чемпионатында Тұрар Қалпақбай 14-15 жас санатында 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Азия чемпионы атанды.
    11. Бейбіт Жұқаев (#247) Шарлотсвиллде (АҚШ, Вирджиния) челленджер турнирінің жеңімпазы атанды. Бейбіт финалда америкалық теннисші Эйден Майоны 6:3, 6:4 есебімен ұтты. Осы жеңісінің арқасында Бейбіт үздік 200 теннисшінің қатарына еніп, Қазақстанның Александр Бубликтен кейінгі екінші ракеткасы атанды. Алда АТР рейтингінде 32-ші орында Александр Бублик қана тұр.
    12. Рио-де-Жанейрода Дүниежүзілік жазғы гимназиаданың (U15) аясында бокстан маңғыстаулық Дарын Тасмұханбетов және Жәдігерхан Салық қос күміс жүлде иеленді.

     

    Арнайы SportPress.kz үшін сұрау салған Айбек МҰХАНОВ,

    Қазақстан Журналистер одағының мүшесі

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *