• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Шамкен Байырбек

    Канвон-2024: керлингтен ұлттық құрама алғашқы жеңісіне жетті

    Оңтүстік Кореяның Канвон провинциясының Каннын қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында керлингтен ұлттық құрама алғашқы жеңісіне жетті.

    Ибрагим мен Мерей Тастеміровтер Италияның өкілдері Виттория Майори мен Эллиа Энчелаттиден 10:2 есебімен басым түсті.

    Бүгін Қазақстан құрамасы Дания командасынан 3:15 есебімен жеңіліп қалды.

    Қазір Қазақстан делегациясы 1 алтын, 2 қола медальмен жалпы есепте 18-сатыда тұр.

    Елімізге алғашқы алтын жүлдені Илья Мизерных сыйласа, шорт-трекші Полина Омельчук пен хоккейден ұлттық құрама қола медаль жеңіп алған еді.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *