• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    sports.ru

    Азия кубогы: Өзбекстан да ширек финалға жолдама алды (ВИДЕО)

    Осы күндері Катарда футболдан Азия кубогы үшін өтіп жатқан турнирде Өзбекстан ұлттық құрамасы да Тәжікстан командасы сияқты ширек финалға шықты.

    Өзбекстан құрамасы Таиланд елінің өкілдерін 2:1 есебімен жеңіп, ¼ финалға жолдаманы қалтасына басты. Енді ала тақиялы ағайындар жартылай финалға шығу үшін алаң иелері – Катар командасымен күш сынасып көреді. Катар – Азия кубогының қазіргі иегері. Бұл команда ¼ финалда Палестинадан 2:1 есебімен басым түсті.

    Бұл құрамалардан бөлек, ширек финалда Тәжікстан Иордания футболшыларымен, Аустралия Оңтүстік Кореямен кездеседі. Ал бүгін 1/8 финалда Бахрейн Жапониямен, Иран Сириямен, ойнайды.

    Ширек финалдың матчтары 2-3 ақпанда болады. Тәжікстан Иорданиямен 2 ақпанда ойнаса, Өзбекстан Катармен 3 ақпанда жолығады.

    10 ақпанда финал болады. Сол күні сарықұрлықтың биылғы кубогының иегері анықталады.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *