Оңтүстік Кореяның Канвон провинциясының Каннын қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында керлингтен ұлттық құрама алғашқы жеңісіне жетті.
Ибрагим мен Мерей Тастеміровтер Италияның өкілдері Виттория Майори мен Эллиа Энчелаттиден 10:2 есебімен басым түсті.
Бүгін Қазақстан құрамасы Дания командасынан 3:15 есебімен жеңіліп қалды.
Қазір Қазақстан делегациясы 1 алтын, 2 қола медальмен жалпы есепте 18-сатыда тұр.
Елімізге алғашқы алтын жүлдені Илья Мизерных сыйласа, шорт-трекші Полина Омельчук пен хоккейден ұлттық құрама қола медаль жеңіп алған еді.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА