• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    championat.com

    Рафаэль Надальдің  ракеткасы 118 206 долларға сатылды

    Испанияның атақты теннисшісі Рафаэль Надальдің «Ролан Гаррос-2007» турнирінде қолданған ракеткасы аукционда 118 206 долларға сатылды.

    Бұл ракеткамен Надаль 2007 жылы өткен турнирдің жартылай финалында Новак Джоковичке, одан кейін финалда Роджер Федерерге қарсы ойнаған.

    Әзірше Рафаэль Надальдің 2022 жылы өткен Аустраляиның ашық чемпионатында ойнаған ракеткасы аукционда сатылған ең қымбат ракетка болып отыр. Оның ракеткасы 139 700 АҚШ долларына сатылған.

    Биллин Джин Кингтің ракеткасы да акционда қымбат бағаға бағаланған. Оның ракеткасы 125 000 долларға жаңа иесін тапқан. Ал Новак Джоковичтің «Ролан Гаррос-2016» турнирінде қолданған ракеткасы  107 482 долларға сатылған.

    Рафаэль Надальдің «Ролан Гаррос-2007» турнирінде қолданған ракеткасы 118 206 доллар болса, 1 долларды 462 теңгемен есептесек,  54 611 172 теңге болады.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *