Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Магомед Адиев наурызда өтетін Ұлттар лигасы плей-офф кезеңінің жартылай финалында Грекиямен матчқа шақырылған ойыншылардың нақты тізімін жариялады, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы.
Тізімге 26 футболшы енді. Ұлттық құрамаға тағы бір ойыншы қосылады.
Қақпашылар: Игорь Шацкий («Ақтөбе»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Данил Устименко («Қайрат»)
Қорғаушылар: Сергей Малый, Темірлан Ерланов (екеуі де – «Ордабасы»), Роман Асранкулов, Руслан Валиуллин, Еркін Тапалов (бәрі – «Тобыл»), Марат Быстров, Александр Марочкин, Ян Вороговский (бәрі – «Астана»), Бағдат Қайыров, Әділхан Таңжарықов (екеуі де – «Ақтөбе»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Александр Зуев («Арсенал», Ресей);
Жартылай қорғаушылар: Асхат Тағыберген («Ордабасы»), Рамазан Оразов, Максим Самородов (екеуі де – «Ақтөбе»), Бактиер Зайнутдинов («Бешикташ», Түркия), Әділет Садыбеков («Қайрат»), Исламбек Қуат, Абзал Бейсебеков (екеуі де – «Астана»), Ислам Чесноков («Тобыл»);
Шабуылшылар: Абат Айымбетов («Адана Демирспор», Түркия), Эльхан Астанов, Рамазан Кәрімов (екеуі де – «Астана»)
Жаттықтырушылар штабы: Магомед Адиев – бас жаттықтырушы, Руслан Балтиев – бас жаттықтырушының көмекшісі, Евгений Коструб – бас жаттықтырушының көмекшісі, Валерий Ситало – қақпашылардың жаттықтырушысы, Ерлан Ибраим – дене даярлығы жаттықтырушысы, Амаль Сыздықов – сарапшы жаттықтырушы, Эльшад Хинизов – бейнесарапшы.
Оқу-жаттығу жиыны 8 наурызда Дубайда басталады.
Грекиямен ойын наурыздың 21-нен 22-не қараған түні Афинада болады. Осы матчта жеңген команда финалда Грузия мен Люксембург құрамаларының арасындағы ойынның жеңімпазымен кездеседі. Содан кейін финалда жеңген құрама Еуропа чемпионатына жолдама алады.