• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    top-news.kz

    «Ханталапайды» 350 мыңнан астам бала ойнады

    Еліміздегі білім беру ұйымдарында «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында «Ханталапай» атты мектеп жасына дейінгі балаларға арналған ұлттық ойындардың республикалық байқауы болды. Оған 350 мыңнан астам бала қатысты, деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігі.

    Іс-шара ұлттық ойындарға деген қызығушылықты ояту, қазақ халқының мәдени мұрасы мен дәстүрлерін дәріптеу мақсатында ұйымдастырылды.

    Байқау аудандық, қалалық, облыстық және республикалық кезеңдерден тұрды. Мектеп жасына дейінгі балалар әртүрлі көңілді ойындарға қатысып қана қоймай, еліміздегі түрлі ұлттардың мәдени мұрасымен және дәстүрлерімен танысты. Бұл байқау халық арасында ұмыт болған, ұлттық ойындардың жандануына ықпал етеді және педагогтердің кәсіби шеберлігін арттырады, — деді Балаларды ерте дамыту институтының директоры Гүлшат Оңланбекқызы.

    Байқауда «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар», «Алтын сақа», «Үздік ойыншылар», «Белсенді ойыншылар», «Тапқырлар мен ептілер», мен «Үздік ұйымдастырылған ойын алаңы» аталымы бойынша жеңімпаздар анықталды.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *