• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    pexels.com

    Қазақ спорты — дария, балалар спорты — бұлақ

    Жаратылған адамның балалық құшағында қанаты қатаяды. Спорттың да табиғаты  осындай. Балалар спорты іргетас, соны қалау арқылы ұлттық спорт қамалы бойын тіктейді. Мұны ой елегінен өткізіп, әрекетпен жүзеге асырған елдің спорты да озық. Кең құлаш жайған АҚШ, Ресей, Қытай, Германия, Жапония сынды спорт бүркіттері қырағылы сондай әу бастан осы балалар спортына ұлттық спорттың өркендеуінің кілті деген мән беріп тастаған.

    Жартасқа ұрғылаған бұлақтай Қазақстан да кілтті көре тұра көп іздеді. Әлі де іздеп келеді. БАҚ-ның мәселені көтеруі, ісмер тұлғалардың жанашырлығы арқасында «Auyl sport – 2024» «Auyl football» жобалары құрылды. Оған «Халық» қайырымдылық қоры мұрындық болды.   Бұл жобалардың бас мақсаты ел спортын, оның инфрақұрылымын дамыту.   Көмейден төгілер сөзге  ой түрткі. Ойды қозғаған жоба жоспары бұған дәлел.

    «АУЫЛ ФУТБОЛЫ» жобасы аясында:

    • 100 ауылдық жаттықтырушы УЕФА санатындағы «D» біліктілігі бойынша оқытылды;
    • 100 ауылдық балалар командасы жаттығу құралдарымен қамтамасыз етілді;
    • Жаттықтырушылар мен менеджерлер – SMM курсын аяқтады;
    • Жаттықтырушылар мен менеджерлер «Спорт секцияларын жан басына шаққандағы қаржыландыру» (ARTSport) мемлекеттік бағдарламасы аясында жұмыс істеу бойынша сегіз сағаттық курстан өтті;
    • Ең белсенді жаттықтырушылар мен менеджерлер алдағы уақытта «Футболды басқару» 20 сағаттық курсынан өтеді;
    • Қарғалы ауылындағы BAQSY дене шынықтыру-сауықтыру кешені базасында Ауыл Футбол ұлттық құрамасының үш жаттығу нысаны сақадай сай тұр» деп хабарлады Halyk қайырымдылық қоры.

    «AUYL SPORT» жобасының мақсаты:

    • Ауылдық елдімекендердегі спортты дамыту;
    • Ауылдағы жаттықтырушылардың біліктілігін арттыру;
    • Ауылдық жерлердегі балаларды спортқа тарту;
    • Бұқаралық спортты насихаттау;

    Жоба 6 негізгі спорт түрін қамтиды: бокс, күрес, каратэ, баскетбол, волейбол және шахмат. Жас ерекшелігі 8-14 жас.

    Мәселе істі бітірген де емес, бастаған да демеуші ме еді Абай. Міне, ақыры ел боп, бас болып, тәуекел деп жұмыла кірістік. Бұ жолда бастамаға ел боп артынып-тартынып жұдырықтай  жұмыла түскеніміз жақсылықтың нышаны да.  Ойыма тұздық Қазақ спорт және туризм академиясының Тәрбие және спорттық жұмыс проректоры Мұхтар Есқалиевтің сөзі. «Әлемді бағындырып жүрген жүлдегерлердің көпшілігі ауылдан шыққан. Жобаға барлығы атсалысады. Академияның профессорлық оқытушылар құрамы да жобаның дамуына үлес қосады»

    Қазақ Абайының ойынан іс бастаса, Қадыр Мырза Әлінің мәселе істі бастаған мен бітіру қиын дегенін есте ұстаса игі. Жеңіс- тәуекел деп бас сұғу. Ұлы жеңіс- тәуекел кемесін жағаға жеткізу.

    Қазақ спорты—дария. Балалар спорты—бұлақ. Бұлақтардың бәрі де Қазақ спорты дариясына құя берсін! Құя берсін!

     

    Ділназ БИШЕР

    АЛМАТЫ

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *