Стенд атудан Шымкент қаласында өтіп жатқан XVI Азия чемпионатында Қазақстан-1 командасы екінші орын алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы.
Аралас жұптық сында Қазақстан-1 командасы екінші орын алды.
Скит бағдарламасында тәжірибелі Анастасия Молчанова мен Эдуард Ещенко жұбы аса тартысты өткен финалда Қытай-2 құрамасына (Хан Сюй, Цзян Итинь) есе жіберді Есеп: 40-42.
Осы жаттығуда қола жүлдені Қатар мен Үндістан құрамасы иеленді.