«Реал» (Мадрид) Қазақстанға сапар алдында ойыншылардың фотосуреттерін жариялады.
Клубтың ресми Instagram парақшасында «Реал» (Мадрид) командасының Алматыға ұшуға дайындалып жатқанын көруге болады. Фотода Килиан Мбаппе, Винисиус Жуниор, Джуд Беллингем, Арда Гүлер, Франко Мастантуоно, Родриго, Тибо Куртуа, Эндрик Фелипе мен Дани Себальос түсірілген.
Матч алдында Испанияның клубы «Қайратқа» қарсы құрамын жариялады.
Бұл ойын 30 қыркүйекте сағат 21:45-те Алматыдағы Орталық стадионда басталып, Qazaqstan және Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Бас жаттықтырушы Хави Алонсо матчқа Тибо Куртуа, Джуд Килиан Мбаппе, Беллингем, Винисиус Жуниор сынды ойыншыларды шақырып отыр.
Қақпашылар: Тибо Куртуа, Андрей Лунин, Хави Наварро;
Қорғаушылар: Давид Алаба, Рауль Асенсио, Альваро Каррерас, Фран Гарсия, Дин Хейсен, Давид Хименес;
Жартылай қорғаушылар: Джуд Беллингем, Эдуарду Камавинга, Федерико Вальверде, Орельен Чуамени, Арда Гюлер, Дани Себальос;
Шабуылшылар: Винисиус Жуниор, Килиан Мбаппе, Эндрик, Родриго, Гонсало Гарсия, Браим Диас, Франко Мастантуоно.
Осының алдында «Қайрат» сырт алаңда «Спортинг» (Португалия) командасына 1:4 есебімен жеңілді.
Енді «Қайрат» «Реал» (Испания) клубынан кейін «Интер» (Италия), «Арсенал» (Англия), «Брюгге» (Бельгия), «Олимпиакос» (Грекия), «Пафос» (Кипр), «Копенгаген» (Дания) клубтарымен ойнайды.
Негізгі кезеңге барлығы 36 команда қатысады. Бірінші тур биыл 16 қыркүйекте басталса, сегізінші тур 2026 жылдың 28 қаңтарында болады. Ал плей-офф 16-18 ақпан, 1/8 финал 10-11 наурыз, ¼ финал 7-8 сәуір, ½ финал 28-29 сәуір, финал 30 мамырға белгіленген.
Рүстем ЖҰМАН,
АСТАНА