• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі

    Елизавета Безрукова тағы да Азия чемпионы атағын жеңіп алды

    Үндістанның астанасы Дели қаласында өтіп жатқан нысана көздеуден Азия чемпионатының шешуші жарыс күні Қазақстан қоржынына алтын және күміс жүлделер түсті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

    Кіші калибрлі винтовкамен 50 метрден жатып оқ атуда ұлттық құрама команданың спортшысы Елизавета Безрукова алтыннан алқа тақты. Отандасымыз жарыста 623.4 ұпай жинады.

    50 м, жатып нысана көздеуден жүлдегерлер:

    1. Елизавета Безрукова (Қазақстан)
    2. Сифт Каур Самра (Үндістан)
    3. Тежасвани Савант (Үндістан)

    Осы бағдарламаның командалық есебінде Қазақстан құрамасы (Елизавета Безрукова, Арина Малиновская, Софья Шульженко) күміс жүлдегер атанды.

    Командалық нәтиже:

    1. Үндістан (1862.9 балл)
    2. Қазақстан (1862.8 балл)

    Сонымен қатар жасөспірімдер санатындағы бұл дисциплинада Қазақстан үстемдік көрсетті. Отандасымыз Томирис Аманова алтыннан алқа тақты. Ал Дарья Пономаренко күміс жүлдеге ие болды.

    Осыған дейін Париж Олимпиадасының қола жүлдегері (микст) Ислам Сәтпаев 50 метрден жатып нысана көздеуде Делиде үздік нәтиже көрсетіп, командаға кезекті алтынды сыйлаған.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *