Ақтөбе қаласында кеше басталған Ұлттық спорт фестивалінің алғашқы күндері жанкүйерлер көкпар додасын тамашалауда. Еліміздің 12 көкпар командасы V фестиваль жүлдесін сарапқа салуды бастап кетті. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық спорт қауымдастығы хабарлады.
V фестивальға Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ақмола, Ақтөбе облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласының командалары қатысуда. Бұл он екі команда төрт топқа бөлінген. «А» тобында – Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай командалары; «В» тобында – Қызылорда, Түркістан және Нұр-Сұлтан қаласының командалары; «С» тобында – Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан командалары; «Д» тобында – Қарағанды, Ақмола, Ақтөбе командалары.
Көкпаршылардың алғашқы іріктеу ойындары Ақтөбе қаласының іргесіндегі атшабарда кеше басталды. Жарыстың Бас төрешісі – Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Нұрдәулет Момынов, Бас хатшысы – Қазақстан Республикасының Ұлттық дәрежедегі төрешісі Гүлнар Базарханова.
18 қазан күнгі көкпар ойыны:
Батыс Қазақстан обл. – Қостанай обл.. Есеп – 1:6
Нұр-Сұлтан қаласы – Қызылорда обл. Есеп – 6:1
Солтүстік Қазақстан обл. – Шығыс Қазақстан обл. Есеп – 4:0
Қарағанды обл. – Ақтөбе обл. Есеп – 0:5
19 қазан күнгі көкпар ойыны:
Батыс Қазақстан обл. – Жамбыл обл. Есеп – 1:11
Түркістан обл. – Қызылорда обл. Есеп – 3:0
Шығыс Қазақстан обл. – Маңғыстау обл. Есеп – 3:4
Қарағанды обл. – Ақмола обл. Есеп – 0:3