• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Жасөспірімдер шорт-тректен жарысты

    Елордада  Білім және ғылым министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен шорт-тректен оқушы ұлдар және қыздар арасында Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған республикалық жарыс мәресіне жетті. Бұл туралы аталған орталықтың баспасөз қызметі хабарлады.

    Кеше алғашқы айналым бойынша жекелей есепте 1000-1500 м қашықтықта үздіктер марапатталса, бүгін жалпыкомандалық есепте жеңімпаздар анықталды. Бұл сында бірінші орынды Нұр-Сұлтан қаласының оқушылары жеңіп алса, екінші орынды Ақмола, ал  үшінші орынды Қызылорда облыстарының өкілдері иеленді.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *