Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Тимур Құлыбаев грек-рим күресінен Қазақстан құрамасын Парижде өтіп жатқан әлем чемпионатындағы сәтті өнер көрсетуімен құттықтады.
Айта кетейік, соңғы алты жылда Қазақстан балуандары алғаш рет әлнм чемпионатының финалына шығып, екі күміс медаль еншіледі. ҚР ҰОК басшысы әлемнің вице-чемпиондары Демеу Жадраев пен Мейрамбек Айнағұловқа және грек-рим күресінен Қазақстан ұлттық құрама командасының бас жаттықтырушысы Нұрым Дүйсеновке алғысын білдірді.
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитеті атынан және өз атымнан Сіздерді Парижде күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында өол жтекізген жетістіктеріңізбен құттықтаймын. Сіздердің жетістіктеріңіз қазақстандық жанкүйерлерге зор қуаныш сыйлады. Өйткені отандық балунадар біраз уақыт әлем чемпионатының финалына шыға алмай жүрген еді. Сіздер еңбекқорлық, қайсарлық пен шеберліктің арқасында ұлттық құраманың қоржынына күміс медальдар салдыңыздар. Алдағы уақытта тағы да әлемдің жарыстарда топ жарасыздар деп сенеміз! Сіздерге денсаулық, табыс және жаңа жеңістер тілеймін!»
Тимур Құлыбаев бұл соңғы жылдардағы грек-рим, еркін және әйелдер күресі Федерациясының мақсатты әрі белсенді жұмысының, жаттықтырушылар құрамы еңбегінің жемісі екенін атап өтіп, алдағы уақытта өзге де спорт түрлерінен әлем чемпионаттарына қатысатын Қазақстан құрама командаларына сәттілік тіледі.