• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Бесасықтан онлайн турнир бәрінің ойынан шықты

    Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы карантин жарияланғалы бері студенттер мен оқушылар арасында  тоғызқұмалақ, шахмат, бесасық, асық ату, скакалкадан онлайн турнирлер өткізіп келеді.    

     1 маусым балаларды қорғау күніне орай «Барлығы балалар үшін» республикалық акциясы аясында мектеп оқушылары (қыздар) арасында ұйымдастырылған бес асықтан онлайн турнир жеңімпаздары анықталды. Бұл туралы  Білім және ғылым министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының баспасөз қызметі хабарлады.

    Бірінші орынды Амантай Қызғалдақ (Ақмола) жеңіп алды. Екінші орынды Серік Кәусар (Нұр-Сұлтан) иеленсе, үшінші орынға Сания Зейкенова (СҚО) мен Дильназ Мықтыбаева (Қостанай) ие болды.

    Сайыстың бас төрешісі  Ақжан Сұрағанов: «2013 жылдан бастап Солтүстік Қазақстан облысы Асық ойынының аға бапкері болып жұмыс атқарып келемін. 2017 жылы облысымызда Асық ойыны федерациясынын ашып, соны басқарамын. Білім-инновация лицейінде дене шынықтыру пәні мұғалімімін. Облыстық балалар және жасқспірімдердің спорт мектебінде асық ойынынан аға жаттықтырушымын. Жоғары деңгейлі бапкермін. Оқушыларым бірнеше республикалық, облыстық жарыстардың чемпиондары болған. Қазіргі жағдайға байланысты өткізіліп отырған онлайн турнирлер балаларға жаңа мүмкіндіктер беріп жатыр деп ойлаймын. Экранның арғы жағында ойын жинақтап, өзіне сенімді болуға көмектеседі. Балалар үшін әрбір сайыс тәжірибе жинақтау үшін маңызды», – деді.

    Бесасықтан өткен онлайн турнирдің ерекшелігі – төрешілер әр қатысушыға уатсаппен жеке хабарласып, ойынды бақылап, төрелік етуі тиіс. Ал, шахмат, тоғызқұмалақ турнирлері арнайы платформада өтті. Бесасықта төрешілер (мұғалімдер) әр қатысушыға жеке жеке хабарласып отырды. Осындай ерінбей, жалықпай жас ұрпақтың игілігі үшін жұмыс істейтін мұғалімдер, өз ісінің кәсіби шеберлері барлық құрметке лайық.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *