Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған мектеп оқушылары арасындағы Х Жазғы Гимназия бағдарламасы аясында пауэрлифтингтен республикалық онлайн жарыс өтіп жатыр. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» РМҚК баспасөз қызметі хабарлады.
Жарысқа 9 аймақтан 100 оқушы қатысуда. Олар – Алматы, Шымкент қаласы, Павлодар, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан мен Шығыс Қазақстан облыстарының оқушылары.
Спорттық шаралар балалардың дене тәрбиесі үшін аса маңызды. Өйткені денені жаттықтырған адам дені сау, төзімді, епті болады. Бұл – ақыл-ой мен ерік-жігеріңді тәрбиелеудің озық үлгісі.
Мемлекет басшысы 1 қыркүйектегі халыққа Жолдауында: «Бәсекеге қабілетті мемлекет, зияткер ұлт болу үшін ХХІ ғасырдың ұрпағы терең білімді, еңбекқор, тәртіп пен жауапкершілік, әділдік, адалдық сынды өмірлік дағдыларды бойына сіңірген тұлға болуы керек», – деп атап өтті.
Жарыста бақ сынап жатқан жас спортшылар жоғарыда аталған қасиеттерді бойына сіңіре алады деп сенеміз! Барлық жас өрендерге сәттілік тілейміз!
Лично мне посветовал Ваш портал папа одноклассницы моей дочери. Считаю нужным выразить признательность за столь нужную информационную подборку. Принял решение начиная с сегодняшнего дня подписаться на вести Вашего проекта.