• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Шухрат ДАНБАЙ: «Атырау боксшыларын Олимпиадаға апаруға жұмыс істеп жатырмыз»

    Сәуір айының орта тұсында Атырау жасөспірімдер боксының орталығына айналды. Өйткені мұнда осы спорт түрінен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты өтті. Сол себепті еліміздің батыс аймағына арнайы барып, Қазақстан құрамасының резервтерін байқадым. Сондай-ақ жарыстың жоғары деңгейде өткенін ерекше мақтанышпен айта аламын. Келген қонақтар да жоғары бағаларын берді.

    Чемпионаттың осындай деңгейде өтуіне Атырау облыстық бокс федерациясының президенті Шухрат Данбайдың еңбегі зор. Ол осымен үшінші жыл қатарынан бұл қызметті атқарып келеді. Өзінің кәсіби шеберлігін Павлодарда шыңдаған. Бірнеше жыл осы өңірдің бокс федерациясын басқарды. Бүгінгі таңда Данбай тәжірибесі мен спорттағы менеджерлік қабілетін мұнайлы астанада жүзеге асырып жатыр. Ол негізінен Атырауда еліміздегі ірі мұнай зауыттарының бірін басқарады.

    Оның пікірінше, Атырау облысы – спорттық таланттарды көтеруге қолайлы жер. Өйткені мұнда дарынды спортшылар өте көп. Бокс – осы таланттарды көріп қана қоймай, оларды шыңдай алатын ең жақсы спорт түрі.

    Қарағандыда оқып жүрген кезімде достарыммен үнемі Нұркен Әбдіров атындағы спорт кешеніне барып тұратынбыз. Онда кеңестік бокс мектебінің үздіктері жарысқа дайындалатын. Қарағанды бокс мектебінің түлектерін аттарын атап, түстерін түстеп айтудың қажеті шамалы деп білемін. Бұл өңірден бокс мектебі – әлемдегі үздіктері бір екені баршаға аян. Дәл сол кезде Қарағандыда, жалпы республикада бокстағы бум басталды. Содан бері осы спорт түрін жақсы көремін. Бокстың дамуына өз үлесімді қосып келемін. Бұл жұмысты қуана-қуана істеп жүрмін десемм де болады , – дейді ол.

    Шухрат Данбайдың айтуынша, Павлодар облысының 10 жыл бокс федерациясын басқарғанда, болашақты ойлап, ұзақ мерзімді жоспар құрған екен.

    Алғаш жұмысқа кіріскен 2010 жылдары Павлодарға өзге өңірдің боксшылардын шақырып, солардың көмегімен нәтиже көрсетуге тырыстық. Кейін біз өз кадрларымызды тәрбиелеудің стратегиялық бағытын таңдадық. Алдағы Токио Олимпиадасына Павлодардан бір боксшы жолдама алды. Бұған дейін Павлодардан ешкім бокстан Олимпиадаға қатыспаған. Енді сол жетістігімді Атырауда да қайталағымыз келеді.  Командамен бірге Атырауда осы спорт түрін дамытудың стратегиясын дайындап, оны облыстың бокс белсенділерінің жалпы жиналысында ұсындық, – дейді Атырау облыстық бокс федерациясының президенті.

    Айта кету керек, бұған дейін ол өңірдегі барлық қол жетімді спорт залдарын мұқият қарап шыққан. Боксшылардың жаттығуларын, жылына өткізілетін жарыстардың санын, спорт мектептеріндегі құрал-жабдықтарды, облыстың аудандарында бокспен айналысатын балалардың санын бәріне талдау жасаған. Осыдан кейін ғана боксты дамыту бағдарламасын кезең-кезеңімен іске асыруға мүмкіндік болады деп отыр.

    Бүгінгі таңда бокстың қазіргі жағдайын сипаттайтын алғашқы оң нәтижелерді көріп отырмыз. Жасөспірімдер құрамасына шақырту алған жас жігіттер болашағынан үлкен үміт күтіреді. Бұл балалар үшін қолайлы жағдай жасалынуда. Ондай мүмкіндіктер қарастырылған кезде нәтиже сөзсіз келеді. Облыстық барлық жас категорияларымен жүйелік байланыс орната алдық. Сонымен қатар мұндай тығыс байланыс аға жаттықтырушылармен де орнатылған. Осының бәрі максимальды түрде тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік береді, –  дейді Шухрат Данбай.

    Спорттың бірнеше түріне жақынсыз. Бірақ неліктен басқа қызығушылықтарыңызды ысырып, дәл боксты таңдадыңыз. Алдағы уақытта бокстың дамуында өзіңізді қандай орыннан көресіз?

    – Бала кезімде Кентауда бассейн салынды. Жеті жыл осында жүзумен айналыстым. Одан кейін дзюдо залына бардым. Ал Қарағандыдағы институтқа оқуға түскенімде боксқа деген қызығушылығым оянды. Ол жылдары Серік Нұрқазов, Аркадий Топаев секілді шеберлер атой салып жүрген. Соларға қарап, біздің де боксқа деген көзқарасымыз жақсарды.Көптеген қазақстандық боксшылар – Кеңес одағы спортының үздіктерінің қатарында жүрді.  Мұның бәрі жас ұрпаққа үлгі еді. Студенттік кезімнен бастап, бокс менің тағдырымның бір бөлігіне айналды. Сондықтан болар, осы күні кез келген спорттық жобаларға қуана-қуана қатысамын. Оның ішінде әуесқой, мектепаралық немесе кәсіпқой деңгейдегі спорт болса да айырмашылық жоқ.

    «Назарбаев Университетінің» үлкен спортзалы есімде. Анда-санда үстел теннисін ойнауға барып тұратынбыз. Сонда байқайтыным, бокс рингінің айналасында әрдайым адам көп жүреді. Бір айта кетерлігі, ол жерде студенттер абонемент алып, қалаған спорт түрлерімен айналыса алады.

    Бүгінгі таңда әрбір қазақстандық отандық боксшылардың жетістіктеріне қарап, мақтана алады. Тәуелсіздік алғаннан бері аралықта боксшыларымыз халықаралық жарыстардан үнемі алтын медальмен оралып жүр. Жерлестеріміздің халықаралық додаларда жоғары деңгейде өнер көрсетулеріне қарап, қазақстандықтардың оларға деген сенім артатыны байқалады. Біздің боксшылар тұғырдың ең жоғары сатысына көтерілуге әрдайым лайықты деп ойлаймын. Бұл үрдіс алдағы уақытта да жалғаса бермек.

    Шухрат Данбай, қазақстандықтар боксшыларымыздың жетістіктеріне қарап мақтануы керек деп санайды. Өйткені, кез келген шетелдік жарысқа барғанда отандық боксшылар жеңіспен оралып, жанкүйерлерін жерге қаратқан емес.

    Спортшының әлемдік белесті бағындыруына инфрақұрлымның маңызы зор. Сонымен қатар жеңімпаздық рухын қалыптастыру үшін тағы не қажет?

    –Ең негізгі басымдықтың бірі – ішкі тұрақтылық. Ол бірнеше компоненттерден тұрады. Атап айтсақ, физикалық дайындық, медициналық қызмет көрсету, бапкермен қарым-қатынас секілді болып жалғаса береді. Одан бөлек, командалық рухтың да маңызы ерекше. Шынында да, өзара қолдау болмаса, бірде-бір орта сынаққа төтеп бере алмайды. Жеңімпаздардың психологиясының қалыптасуына көптеген факторлар әсер етеді.

    –Бір кездері жеке бапкері спортшының тәлімгері әрі әкенің рөлін атқарып, тәрбие жұмысында орасан зор рөл атқарғанын білеміз. Бүгінгі күні психологтарды болашақ чемпиондармен тәрбие жұмысына тартуға деген көзқарас бар. Қазіргі жағдайда олардың көмегі қаншалықты керек болады?

    – Менің түсінігімде, кез келген чемпионның жетістікке жетуінде бапкерінің үлесі 80 пайызды құрайды. Жаттықтырушының басында шәкіртін дайындауға қатысты 100 деген ұсақ-түйек мәселелер жүреді. Сондықтан психологтар тұрақтылықты нығайтуға және дамытуға да көмек көрсетулері керек.

    Топ-менеджердің құпиясымен бөліссеңіз: сіздің ойыңызша, жекелеген алып өнеркәсіптік өндірісті немесе облыстық спорттық федерацияны дамытудағы табыстың кілті неде?

    –Көп қырлы механизмнің жұмысын басқаруға және реттеуге байланысты кез-келген жобада көп нәрсе пікірлес адамдарға және басымдықтарға дұрыс көңіл бөлуге байланысты. Жол картасы және біздің назар аударатын объектінің жалпы даму стратегиясын түсіну жұмысты кезең-кезеңімен құруға мүмкіндік береді. Мен айтып өткендей, бокс қысқа мерзімді жоба емес, бұл ұзақ мерзімді жұмыс. Алға қойылған мақсатқа жету үшін бір олимпиадалық цикл ұзақ уақытты алады. Біз Павлодар облысында жұмыс істеген кезде белгілі бір жетістікке жету үшін ұзақ мерзімді жоспармен қадам жасадық. Бір сәттік жетістіктермен шектеліп қалмадық. Бұл кәсіпқойлар мен энтузиастардың күш-жігерін біріктіре алған федерациядағы жүйелі ұйымдастырылған жұмыстың нәтижесі болды. Соның арқасында түрлі турнирлер өткіздік.

    Шухрат Данбай Павлодардағы боксты облыстың спорт басшылары Азамат Мақажановқа сеніп тапсырған кезде федерация ескірген спорт залдың қожайындарының жөндеуге байланысты өтінішіне қалай жауап бергенін айтып берді. Әр түрлі кәсіпкерлер спорт кешені орналасқан жер учаскесіне үмітті болған. Алайда сол кезде облыс әкімі Бақытжан Сағынтаев ол жерде облыстық бокс федерациясына беруге тапсырма береді. Соның арқасында заманауи спорт кешенін салынады.

    –Азамат Мақажанов спорт менеджменті бойынша шетелден тәлім алды. Біз осылайша керемет маманға ие болып, кадрларды даярлау мәселесінде бұл үрдісті қамтамасыз еттік және бүгінде бүкіл Павлодар облысы жақсы «спорттық» нәтижелерге қол жеткізуде, – дейді Шухрат Данбай.

    Токио Олимпиадасының қарсаңында Серікжан Теміржановқа қатысты пікіріңізді білгім келеді. Ол жігіттен төрт жылдықтың басты додасына жолдама алады деп күттіңіз бе?

    –Қазір қаншама талантты балалар өсті. Солардың арасынан біреуі жарып шығуы тиіс болатын. Серікжан да осы буынның өкілдерінің бірі. Бірақ басында Токио Олимпиадасында дәл сол жолдама алатынын болжаған жоқпын. Бүгінгі таңда Атырауда да қаншама талантты боксшылар жүр. Қазақстан жасөспірімдер құрамасына қабылданған Райыс Нұрқанат, Аманат Сабырғали, Бекзат Битімов, Бекзат Қонысбай секілді жігіттерді алдағы уақытта алыс-жақын мемлекеттерде танып қалуы тиіс. Олардың потенциалдары жоғары. Бізге сол жақұттарымызды таныту үшін көптен жұмыс атқаруымыз қажет.

    Шухрат Данбай спортшылардың тәрбиесімен айналысу жақсы, бірақ кәсіпқой мамандардың жұмысына араласпаймын деп отыр.

    Менің міндетім – өкілеттіктерді бөліп беру. Мен бұл міндетті атқарушы директорға  (Батырхан Қалықов) жүктедім. Егер мұндай лауазымда білікті менеджер отырса, жетістіктің жартысы деп білемін. Мен өз тарапымнан тапсырмалар бере аламын, кеңес айтамын. Сонымен қатар қаражат бөліп, оның қайтарымын күтемін, –  дейді федерация басшысы.

    –Ауқымды тапсырмалар біздің қызметкерлерімізді қанаттандырды деп ойлаймын. Облыс боксындағы білікті мамандардың арқасында аз уақыттың ішінде ұлттық құрамаға кандидат боксшыларды тәрбиелеп шығаруға болады. Ұзақ мерзімді негізгі мақсаттардың бірі – алдағы Олимпиадаға Атырау облысының  тумасын жіберу.

    «Атырау мұнай өңдеу зауыты» бұл қуатты салалық кәсіпорын. Оның қала және облыс және жалпы Атыраудың спорттық өмірінде рөлі қандай?  Мысалы, Павлодар мұнай өңдеу зауытының спорттық деңгейімен салыстыра аласыз ба?

    Павлодар мұнай-химия зауытымен салыстырғанда аймақ өміріне ауқымы мен экономикалық әсері мүлдем басқаша. Павлодарда Атыраумен салыстырғанда зауыттардың саны аз. Атырауда мұнай өндеу зауыты – қаланың негізгі өндірістік және қала құраушы кәсіпорындарының бірі болып саналады. Екі жыл бұрын аяқталған зауытты кең ауқымды модернизациялау қазір дұрыс әрі сауатты жұмыс істеуді талап етеді. Бізде өте жауапты өндіріс бар. Сондықтан ұжым әрдайым тонсута болуға міндетті. Мұндай мәселелерді шешуде бұқаралық спортсыз қалай болады? Зауыт  кез келген спорт түрімен айналысатындарды қолдайды. Зауыт базасында хоккей командасы мен үстел теннисі командасы бар. Футбол, баскетбол, волейбол, шахматты және т.б. спорт түрлерін дамыту үшін білікті әкімшіні жалдадық. Сосын спорттың 12 түрінен спартакиада өтіп тұрады. Мен өзім белсенді демалыс пен  салауатты өмір салтын сүйетін адаммын. Қызметкерлердің де үнемі сергек жүргендерін қалаймын. Дұрыс өмір сүру туралы ойланатынын және мемлекетке, қоғамға өз үлестерін қосуға тырысатын жаңа буын өсіп келе жатқанына қуаныштымын. Мыңдаған құрамнан өз орныңды табу өте қиын, бірақ біздің кадр саясатымыз жас мамандарға, сондай-ақ зауытқа бір жылдан астам уақыт адал қызмет ететіндерге көмектесуге және қолдау көрсетуге арналған.

     

    –Әңгімеңізге рахмет!

     Әңгімелескен Ерзат СЕРҒАЗИН

     

     

     

     

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *