• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Мбаппе Мессидің рекордын жаңартты

    Футболдан Францияның ұлттық құрама командасы мен «Пари Сен-Жермен» клубының шабуылшысы Килиан Мбаппе Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің соңғы матчында Туриннің «Ювентус» командасына гол салып, осы жарыста 40 голдың авторы атанған аргентиналық Лионель Мессидің рекордын жаңартты. Ол жас айырмашылығы бойынша Чемпиондар лигасында 40 доп соққан ең жас футболшы атанды.

    Мбаппе париждіктер сапында 13-минутта гол салды. Осы ойын кезінде Килианға 23 жас, 10 ай, 13 күн болған. Аргентиналықтың жасы 24 жас, 4 ай, 8 күн болғанда осыншама гол салған футболшы ретінде рекорд жасаған.

    Бұл кездесуде париждіктер қарсыластарын 2:1 есебімен ұтты.

    Бұған дейін Лионель Месси Чемпиондар лигасы турнирінің үшінші турында Португалияның «Бенфика» командасына гол салып, өзінің рекордын жаңартқан болатын. Португалияның шабуылшы Криштиану Роналду да Чемпиондар лигасында 38 рет қақпаны дәл көздеп отыр.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *