• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    «Аталанта» Зайнутдиновке қатысты мәлімдеме жасады

    «Аталанта» клубының селекциялық тобының басшысы Ли Конгертон Қазақстанның ұлттық құрама командасының және Мәскеудің ЦСКА клубының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдиновтың италиялық жасақтың сапына ауысуына қатысты пікір білдірді.

    Бұл турады Sport 24. хабарлады.

    Біздің тарапымыздан Зайнутдиновке деген қызығушылық жоқ, –  деді Конгертон.

    Соңғы күндері БАҚ-та Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысының «Аталантаға» ауысуы мүмкін деген әңгімелер айтыла бастаған еді. Италиялық клуб мәскеулік командаға Зайнутдиновты 5-6 млн еуроға сатып алады делінген болатын.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *