Кіші ракетка шебері Алан Құрманғалиев Словакия үстел теннисінен өтіп жатқан WTT Youth Contender Senec 2022 халықаралық турнирінде қола жүлдегер атанды.
Ол Джамдиэль Торресті (Пуэрто-Рико), Михал Вандаховичті (Польша), Степан Брхельді (Чехия), Рохелио Кастро (Мексика) мен Андре Бертельсмайерді (Германия) жеңді.
Осы жолы Алан Құрманғалиев 19 жасқа дейінгі жастар арасында өнер көрсетті. Сондай-ақ осы турнирде тағы бір қазақстандық теннисші Санжар Жұбановпен бірге күш сынап, 1/8 финалға дейін жетті.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА