• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Роналду «Манчестер юнайтедтің» опасыздық жасағанын айтты

    Португалиялық футболшы Криштиану Роналду британдық журналист Пирс Морганға резонансты сұхбат берді.

    Ол сұхбатта «Манчестер юнайтед» клубының соңғы 13 жылда жақсы жаққа өзгермегенін айтты.

    «Соңғы 13 жылда команда жақсы жаққа еш өзгерген жоқ. Өсу нөлге тең. Сэр Алекс Фергюссон қызметтен кеткеннен кейін клубта ешқандай өзгеріс көрмедім», — деді ол.

    Сонымен бірге футболшы клубты өзіне опасыздық жасады деп айыптап, сатқындықты сезінгенін жеткізді.

    «Мен «Манчестер Юнайтедтің» опасыздық жасағанын сезініп жүрмін. «Манчестер Юнайтедтің» басшылығы мені клубтан кетуге мәжбүр етті. Мұны бас жаттықтырушы ғана емес, клубтағы басқа адамдар да қалаған. Мен опасыздық пен сатқындықты сезіндім. Бұл сұхбатты не үшін беріп отырмын? Адамдар бар шындықты білуі керек. Командадағы кейбір адамдар мені биыл ғана емес, өткен маусымда да «Манчестер юнайтедте» көргісі келмеді», — деді Роналду.

    Ол клубтың қазіргі бас жаттықтырушысы Эрик Тен Хагты сыйламайтынын да айтты.

    «Тен Хаг мені сыйламайды. Мені сыйламайтын адамды мен де сыйлай алмаймын», — деді ол.

    «Манчестер юнайтедтің» басшылығы Роналдудың сұхбатынан кейін мәлімдеме жасайтынын, футболшыға 1,14 млн еуро айыппұл салатынын хабарлады.

    Роналдудың клубпен келісімшарты 2023 жылдың маусым айында дейін жасалған.

    Қазан айында Роналду «Тоттенхэм» клубына қарсы ойында (2:0) қосалқы құрамға түсуден бас тартып, стадионнан кетіп қалған еді. Команданың бас жаттықтырушысы Эрик Тен Хаг футболшының осы әрекеті үшін жаттығудан уақытша шеттетті.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *