• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Қазақстан құрамасы Өзбекстаннан ұтылып қалды

    Футболдан Қазақстан құрамасы сырт алаңда Өзбекстанмен жолдастық кездесу өткізді. 

    Ташкент қаласындағы «Пахтакор» стадионында өткен Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы жолдастық ойын 2:0 есебімен аяқталды.

    Голдың авторлары: Эркинов 12 (1:0), Шомуродов 45 (2:0).

    Енді Қазақстан ұлттық құрамасы 19 қараша күні Біріккен Араб Әмірліктерімен кездеседі.

    Өзбекстанға қарсы матчтың екінші таймында алаңға екі жылдық үзілістен соң Бауыржан Исламхан шықты. Оған жартылай қорғаушы Асхат Тағыберген капитандықты тапсырды.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *