• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Қазақстан Азия чемпионатының финалына шықты

    Қазақстан спортшылары Таиландта академиялық ескек есуден өтіп жатқан Азия чемпионатының финалына шықты.

    Бүгін Таиландтың Паттайя қаласында академиялық ескек есуден ересектер мен жастар арасындағы Азия чемпионаты басталды. Бұл сында ел намысын 13 ересек (11 еркек, 2 әйел) пен 9 жас спортшы (3 еркек, 6 әйел) қорғап жатыр. Бірнеше спортшымыз  іріктеу жарысынан сәтті өтіп, жүлде үшін таласуға мүмкіндік алды.

    Ересектер арасында (LW4х) Роза Кеңес, Валентина Волкодавова, Медина Қоңырбаева, Екатерина Носкова квартеті іріктеуде өз тобында мәреге бесінші болып келді. Жарысқа алты елдің спортшылары қатысқандықтан отандастарымыз 3 желтоқсанда өтетін финалға жолдама алды.

    Ересектер арасында (LМ4-) Әділет Керімбек, Қуаныш Бекбембетов, Данил Петренко мен Бапан Асхамбек іріктеуде алтыншы орын алып, 3 желтоқсанда өтетін финалға шықты.

    Жасөспірімдер арасында (JW2-) Мелани Жақыпова мен Анжела Полянина жұбы іріктеу кезеңінде өз тобында төртінші сатыға тұрақтады. Енді олар 3 желтоқсандағы финалда бақ сынайды.

    Ал ересектер арасындағы жекелей жарыста (W1x) Светлана Германович іріктеуде мәреге екінші болып келді. Бұл топта тек жеңіске жеткен спортшы ғана финалға шықты. Қалған ескек есушілер жұбаныш жарысында финалға шығуға тырысып көреді.

    Ересектер арасында (M2x) Михаил Таскин мен Алексей Красновский дуэті іріктеуде төртінші болып финалға тікелей жолдама ала алмады. Десе де жұбаныш жарысына қатысып, финалға жете алады.

    Биылғы сары құрлық бәсекесіне 18 елдің 150-ге тарта спортшысы қатысып жатыр.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *