• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Түрік комментаторы тікелей эфирден қуылды

    Түркияның комментаторы Алпер Бакиржигил Катарда футболдан өтіп жатқан әлем чемпионатындағы Канада мен Марокко командаларының матчында тікелей эфирден қуылды.

    Осы ойынныӊ 4-минутында Хакім Зиеш есеп ашқанда, комментатор «Әлем чемпионаттарындағы еӊ тез голды Хакан Шүкір салған», деген.

    Осыдан кейін үзіліс кезінде TRT арнасы Алпер Бакиржигилды эфирден алып тастап, матчты одан әрі Ж.Кыран деген басқа журналистке жүргізуді тапсырған.

    Қолда бар мәліметке қарағанда, Хакан Шүкірдің атын атаған комментаторға ескерту жарияланған көрінеді.

    Ал әйгілі шабуылшыныӊ аты-жөнін неліктен атауға болмайтынын айтсақ, оған Түркияда тыйым салынған ұйымныӊ құрамына кіріп, 2016 жылы әскери төӊкеріске қатысты деген айып тағылған. Содан ол АҚШ-қа қашып, нәпақасын таксист болып тауып жүрген көрінеді.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *