• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Қазақстан ватерполшылары — Азия чемпионатының қола жүлдегері!

    Таиландтың Бангкок қаласында су добынан өткен Азия чемпионатында Қазақстан құрама командасы үшінші орын алды.

    Осы чемпионатқа Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандырылған мектеп-интернат-колледждің 10 «В» сынып оқушысы Егор Белоусов та қатысып, Қазақстан құрама командасына қола жүлдені сыйға тартты.

    Спорт ордасының баспасөз қызметінің жетекшісі Ардақ Тоғымовтың айтуынша, осы ерен еңбегі үшін Егор Белоусовқа халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағы берілді.

    «Бүгінде 10 «В» сынып оқушысы, жастар арасындағы Қазақстан чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері, ересектер арасындағы ел чемпионатының күміс жүлдегері.

    Үздік ойыншыны Қазақстан ұлттық құрамасының жаттыұтырушылары байқады. Содан кейін ол ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиынына шақырылып, Азия чемпионатына қатысуға жолдама алды.

    Егор ұлттық құраманың көшбасшыларының біріне айналып, Иран командасымен тартысты кездесуде қола жүлдені жеңіп алуға атсалысты», — деді Ардақ Тоғымов.

    Ол Қазақстанның су добы тарихындағы Азия чемпионатының ең жас жүлдегері болып танылды. Егор Алексеевич Белоусов 2007 жылы 26 мамырда Атырау облысында туған. Осыдан екі жыл бұрын Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-колледжіне оқуға түсті.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *