• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Парабиатлон: Александр Герлиц қола жүлдегер атанды

    Әлем кубогының бірінші кезеңінде Александр Герлиц парабиатлоннан 12,5 шақырым қашықтықты 43 минут 59 секундта жүріп, қола жүлдеге ие болды.

    Жарыста канадалық спортшы Арендз Марк осы қашықтықты 39 минут 20 секундта жүріп өтіп, мәреге бірінші болып келді. Ал екінші орынға 41.22 нәтижесімен украиналық спортшы Грегорий Вовчунский жайғасты.

    Парашаңғы мен парабиатлоннан Әлем кубогы үш кезеңде өтеді.

    Алғашқы кезең Финляндияның Вуокатти қаласында 7 желтоқсанда басталған. Ол 19 желтоқсанға дейін болады.

    Екінші кезең АҚШ-та, үшінші кезең Жапонияда ұйымдастырылады деп жоспарланып отыр.

    Әлем кубогы кезеңдерінің нәтижесі бойынша үздік спортшылар 2026 жылы өтетін қысқы Паралимпиада ойындарына жолдама алады.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *