• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Аралас жекпе-жек шебері Сергей Морозов UFC-де үшінші рет жеңіске жетті

    Аралас жекпе-жек шебері Сергей Морозов АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен UFC Fight Night 216 аралас жекпе-жек турнирінде америкалық Джорни Ньюсонмен жекпе-жекке шықты.

    Кездесу үш раундқа есептелген болатын. Осы жекпе-жекте ең жеңіл салмақтағы Морозов төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жетті.

    Осылайша, отандасымыз ММА-дегі 12-жеңісіне жетті. Ал Джорни Ньюсон 4-рет жеңілді. UFC-дегі жарысқа келетін болсақ, бұл Морозовтың промоушндегі үшінші жеңісі (екі рет жеңілді), ал Ньюсон болса үшінші рет жеңіліп отыр (әзірге ол тек бір рет қана жеңіске жетті. Оның тағы бір кездесуі орындалмаған болып есептелді).

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *