• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    «Низкий поступок», «колхозный вариант». Илья Ильин мен федерация өкілі тілшінің намысына тиген

    «Хабар 24» телеарнасының тілшісі Аслан Қаженовті белгілі ауыр атлет Илья Ильин мен жеңіл атлетика федерациясының өкілі кемсіте сөйлеген.

    Бұл туралы halyq-uni.kz хабарлады.

    Түрім колхозға ұқсап тұр ма? Неге үнемі өзге ұлт өкілдерінен осындай балағат естиміз? Бір емес, екі емес… Ана жолы Илья Ильин «низкий поступок жасадың» деп еді, енді Павел Кукин «колхозной вариантсың» дейді. Бұның шегі бар ма өзі?! — деп күйінді әріптесіміз.

    Оның айтуынша, ол жеңіл атлетикадан Астанада өткен Әмин Тұяқов атындағы халықаралық жарысқа барған. Сол кезде федерация өкілі «Әмин Тұяқовтан сұхбат жазасыңдар ма?» деп сұраған. Сұхбатқа келіскеннен кейін тілшіге «Бірақ курткаңды шешіп тасташы, колхозный вариант» деп салған.

    Алдымен аты-жөні мен қызметін сұрадым. Айтпады. Одан кейін «Неге олай айтасыз? Сіз мені танымайсыз да. Сондықтан кешірім сұраңыз! Мәселені жабамыз. Сосын сұхбат алуға барамыз», — деп тұрып алдым. Цитата. Әдейі Сіз деген сыпайылықтан шықпадым және қолымды алып жүгірмедім. Ал ол естімеген, елемеген болды. Қысқасы, қателігін мойындап, сөзін қайтып алуға дәті бармады. Ішіндегі бірдеңесі жібермеді, — дейді Аслан Қаженов.

    Одан кейін жеңіл атлетика федерациясынан бір қыз келіп, әлгі адамның атқарушы директор екенін жеткізген. Алайда оның кешірім сұрауын талап еткен әріптесімізді «Қай каналдан келдің? Қазір бастығыңа звандаймын» деп қорқытпақ болған.

    Мен осымен екінші рет тірі өлікке айналдым. Бірер ай бұрын Илья Ильин қазақ тілінде сұхбат сұрағаным үшін (онда да басқа адамнан) «низкий поступок жасап жатсың» деп еді. Енді бұл жолы тағы біреу (атқарушы директор) курткама қарап, «колхозный вариант» дейді. Екеуі де кешірім сұрамады. Екеуі де өз міндетін атқарып жүрген қазақ журналисін балағаттады. Тіпті, соңында, керісінше, өзімді қорқытқысы келеді, — деп жазды ол.

    Осы жайттарға ашынған журналист әлеуметтік желіде заңгерлер мен құқық қорғаушылардан ақыл-кеңес сұрап отыр. Федерация өкілдерінің телеарна басшылығына хабарласып, жан-жақты қысым басталатынын да жеткізді. Тіпті, жеке өміріне физикалық қауіп төнуіне алаңдаулы.

     

    Еркеғали БЕЙСЕНОВ,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *