• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Универсиада: Қазақстан медальдар кестесінде үш сатыға көтерілді

    АҚШ-тың Лэйк-Плэсид қаласында өтіп жатқан қысқы универсиадада Қазақстан спортшылары екінші алтын жүлдені алып, жалпыкомандалыұ есепте алтыншы орынға көтерілді.

    Дүбірлі дода 12 қаңтарда басталған. Ол 22 қаңтар күні мәресіне жетеді.

    Алғашқы алтын медальді биатлоншы Вадим Куралес алса, бүгін шаңғымен трамплиннен секіруден Данил Васильев чемпион атанды.

    Осылайша ел құрамасы екі алтын жүлдеден кейін медальдар кестесінде алтыншы орынға көтерілді. Бұған дейін  құрама тоғызыншы орында тұрған еді.

    Көш басында Жапония 17 (9-6-2) медальмен келеді.  Одан кейінгі орындардағы Францияның – 9 (2-3-4), Чехияның 5 (2-1-2) медалі бар. Испания 4 (2-1-1) жүлдемен төртінші, Канада 5 (2-0-3) жүлдемен бесінші сатыда тұр.

    Қазірге дейін барлығы 20 құрама медаль алды.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *