Бокстан Болгарияның София қаласында өтіп жатқан Странджа кубогын үшін турнирде 57 келі салмақтағы Оразбек Асылкұлов сенсация жасады.
Ол 1/8 финалда Қазақстан құрамасы сапынан рингке бірінші болып шығып, бразилиялық Луис Оливейрамен қолғап түйістірді. Асылқұлов төрешілер шешімімен жеңіске жетіп, ширек финалға шықты.
Оливейра осының алдындағы жекпе-жекте әлем чемпионы америкалық Джамал Харвиді жеңіп, сенсация жасаған болатын.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА