20-21 қазан күндері Грекияда самбодан ардагерлер арасында әлем чемпионаты өтті. Әлемнің 18 елінен келген 270 палуан 7 жас ерекшелігі бойынша бақтарын сынап, жүлделерді өзара сарапқа салды. Осы байрақты бәсекеге қатысқан Қазақстан құрама командасы елге 6 алтын, 4 күміс және 5 қола жүлдемен табысты оралды. Назарларыңызға жерлестеріміздің әлем чемпионатындағы көрсеткіштерін ұсынамыз:
М1 (31-39 жас аралығы)
Әсет Тоққужинов — 3 орын (82 кг)
Мади Набиев – 1 орын (90 кг)
М3 (45-49 жас аралығы)
Марат Қарақанов – 3 орын (62 кг)
Батырбек Ихсатов – 3 орын (90 кг)
Бақтияр Кунакунов – 1 орын (100 кг)
М4 (50-54 жас аралығы)
Мұрат Тұсырбеков – 2 орын (68 кг)
Нұрғалым Теміров – 2 орын (74 кг)
М5 (55-59 жас аралығы)
Алмас Мұсабеков – 1 орын (62 кг)
Болат Манабаев – 1 орын (82 кг)
Сейілхан Амренов – 2 орын (82 кг)
Игор Рагулин – 3 орын (90 кг)
Сергей Брамонтов – 3 орын (100 кг)
Қалқабай Бопиев – 2 орын (+100 кг)
М6 (60-64 жас аралығы)
Нұрлан Жарачиев – 1 орын (100 кг)
М7 (65-тен жоғары)
Анатолий Веклич – 1 орын (90 кг)
Жеңіс құтты болсын Қазақ елі!