• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Алматыда студенттер Спартакиадасы аяқталды

    «Аса байлық не керек денсаулығың болмаса», деген аталы сөздің мағынасына мән берсек, денсаулықтың  қадірін кей кезде кеш біліп, соның зардабын тартып жатамыз.  Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеуді кейде ұмытатынымыз тағы бар.

    Ауырмау үшін спорттың, дене қимылының  адам өмірінде алар орны ерекше екені жақсы білеміз.  «Адам денесінің жетілуі  оның денсаулығы. Егер денің сау болса, онда оны сақтамақ керек, ал егер сау болса, онда денді сауықтыру керек», деп денсаулықтың қадірі туралы ұлы шығыстың ойшылы  әл-Фараби асқан  білгірлікпен айтқан екен. Өткен сенбіде спорт күніне орай, еліміздің әр аймағында денсаулықты жақсартуға арналған көптеген шаралар ұйымдастырылды. Сондай ауқымды спорт мерекесінің бірі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде болып өтті. «Денсаулық күні» Спартакиадасы деп атау алған бұл жарыс «Спартак» стадионында ұйымдастырылып, мерекелік көңіл-күймен жалғасты.

    Жарыстың  салтанатты ашылуында сөз сөйлеген университет ректоры Тахир Оспанұлы Балықбаев:«Спорттың қоғамда әсіресе, студенттер арасында алар орны ерекше» екенін айырықша атап өтті. Расымен де дені сау ұрпақты тәрбиелеу еліміздегі жоғары оқуы орындарының алға қойған негізгі мақсаттарының бірі.

    Жастар — біздің  болашағымыз десек сол жас буынның Отан қорғайтын қайраты кемел, саналы азамат болып өсу үшін білімімен қоса спортты бірге қоса алып жүргенде ғана қуатты қоғам қалыптастыны белгілі. Осы орайда, спорт күніне орай ұйымдастырылып отырған  дүбірлі де думанды шара үлкен әсер қалдырды.

    Бұл  күні спорт алаңының әр бұрышында тартысты спорт бәсекелері қызу жалғасты.  Негізі  аталған Спартакиада университеттің оқытушы профессор  ұстаздары, қызметкерлер құрмалары мен   студенттер құрамалары  арасында өрбіген еді. Айталық, 50-ден аса ұстаздар мен қызметкерлер спорттың шахмат, үстел теннисі, волейбол, жеңіл атлетика түрлерінен күштерін сынап көрсе, 900  студент қазақ күресі, шағын футбол, қол күрестіру, тоғызқұмалақ, үстел теннисі және жеңіл атлетика  секілді жарыстарда жеңіс үшін жан аямай шеберліктерін көрсетті.

    Жуырда Талдықорған қаласында студент жастар арасында республикалық Спартакиада жалауын көтергені белгілі. Сол байрақты бәсекеге Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің талантты студент  жастары да жеңіс жолында өз өнерлерін көрсетуде. Сондай ел біріншілігінде  университет намысын қорғайтын дарынды жастар осындай ішкі жарыстарда суырылып шығып көзге түсу керек екендігін жақсы біледі. Сондықтан да қалайда озып алға шығып жеңіске жетудің бағасы өте зор. Абай атындағы Қазақ Ұлттық педогогикалық университетінің  Сауықтыру дене мәдениеті кафедарасының меңгерушісі Амантай Қарақовтың  қарамағында жаттығатын шәкірттері қаларалық сайыстарда табысты өнерлерімен унверситет атын барынша танытып келеді. Сол себепті  студенттер үшін тәжірбиелерін шыңдай түсуге осындай тартысты ішкі Спарткиаданың берері мол.

    Сонымен жарыс қортындысы бойынша, cтуденттер арасында 1-орынды Филология және көп тілді білім беру ниституты, 2-орынды Математика информатика және физика иниституты, 3-орынды Өнер мәдениеті және спорт институты жеңіп алса, Қызметкерлер мен профессор оқытушылар құрамалары арасында 1-орынды  Өнер мәдениеті және спорт институты, 2-орынды Жаратылыстану және география институты және физика институты үздік шығып, университеттің әзірлеген құрмет марапаттарына ие болды. Сонымен бірге жарыс соңында әр спорт түрлерінен топжарып көпшіліктің ризашылығына бөлінген студенттерде  айырықша аталып өтті.

    Қоңыр күздің шуақты бір күнінде өткен аламан спорт ойындары тамаша көңіл-күймен мәресіне жетті. Жалпы, «Денсаулық күні» Спартакиадасы жалпы саламатты өмір сүру және  спорттың денсаулыққа қаншалықты пайдалы әсер ететігіндігіне тартысты өткен кездесулер арқылы көз жеткізді деп толықтай сеніммен айтуға болады.

    « Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулығымызға байланысты», деген екен А.Шопенгауер. Ендеше сол бақытымызды денсаулығымыздан табу үшін, осындай  пайдасы шексіз спорт шараларына белсене қатыса отырып, салауатты өмір сүруге ерекше мән бергеніміз ләзім.

    Ақын ОРДАБАЙҰЛЫ,

    АЛМАТЫ

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *