• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Хабиб Нурмагомедов жекпе-жекке қайтып шығатынын айтты

    UFC-дің бұрынғы чемпионы Хабиб Нурмагомедов жақын арада үлкен спортқа қайта оралатынын айтты.

    Ол әлеуметтік желіде жүгіру спорт жолағында жасаған жаттығудан видео жариялап, жекпе-жекке шілде айына дейін дайын болуы керектігін айтты.

    Бірақ ММА емес, — деді ол.

    Спортшы жекпе-жек туралы ешқандай мәлімет бермеді.

    Хабиб Нурмагомедов өзінің соңғы жекпе-жегін 2020 жылдың күзінде өткізіп, америкалық спортшы Джастин Гэтджиді жеңді. Ол 2020 жылдың шілде айында әкесі қайтыс болған соң, октагонға қайтып шықпауға уәде берген еді.

    Хабиб аралас жекпе-жекте 29 рет октагонға шығып, бәрінде жеңіске жеткен.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *