• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Түркия туры: «Астана» жүлдегерлер қатарынан көрінді

    Анадолы елінде осымен 53-ші рет жалауы желбіреген «Түркия туры» жарысы өз мәресіне жетті. Бұл бәйге бір жетіге созылып, жер-жүзінің велоспорт жарысына қызығатын жанкүйерлерінің бар назарын өзіне аударды. Осы сынға еліміздің атынан «Астана» кәсіпқой велоклубы да қатысты.

    Онда қазақстандық команда жарыстың барлық кезеңдерінде қарсыластарына лайықты бәсекелес болып, екі рет жүлделі орыннан көрінді. Турдың төртінші күні итальян Диего Улисси біріккен Араб Әмірліктерінің командасына жеңіс сыйласа, одан 12 секунд артта қалған «Астананың» велошабандозы дат Йеспер Хансен екінші болып мәре сызығын кесті. Оның бұл көрсеткіші жалпы есептегі жағдайға әсер етті. Сөйтіп, ол жалпы есепте екінші орынға табан тіреді. Ал «Андроид» клубының өкілі Фаусто Маснада жарысты үшінші орынмен аяқтады.

    Дастан КЕНЖАЛИН

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *