Бүгін Өзбекстанның Ташкент қаласында бокстан ересектер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында тағы екі былғары қолғап шеберіміз шаршы алаңға шығып, жеңіске жетті.
Әуелі 1/16 финалындың жекпе-жегінде рингке 86 кг салмақтағы Сағындық Тоғамбай көтерілді. Ол Конго өкілі Натан Нланду Мбелиді екі рет нокдаунға жіберіп, одан соң нокаутқа түсірді.
Бұл кездесуде төрешісі Африка өкілінің екі рет нокдаунға түсуіне байланысты үш рет есеп ашты. Үшіншісінде рефери айқасты тоқтатып, нокаут тіркеді.
Одан кейін шаршы алаңға 63,5 кг салмақ дәрежесіндегі Санатәлі Төлтаев шықты. Боксшы 1/32 финалдағы алғашқы жекпе-жегін Израильдің спортшысы Ахмад Штивиге қарсы өткізді. Бұл айқаста Санатәлі ұпай бойынша жеңіске жетті.
Кеше Талғат Сырымбетов (60 кг) пен Айбек Оралбай (92 кг) қарсыластарынан басым түсіп, келесі айналымға жолдама алған болатын.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА