Бокстан WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (14-0, 9 КО) канадалық Стивен Батлерді (32-4-1, 26 КО) жеңгеннен кейін көпшілікке мәлімдеме жасады.
Бүгін 12 раундқа есептелген кездесу 2-раунда аяқталған еді. Жәнібек қарсыласын екі рет нокдаунға, кейін нокаутқа жіберді. Осылайша, қазақстандық WBO чемпионы атағын екінші рет қорғап қалды.
Чемпиондар мен супержұлдыздар, қайдасыңдар? Мен сендерге бара жатырмын. Жекпе-жекке шығайық. Мен орта салмақтың королімін! Келесі кім?!
Кез келген күні шығамын, тіпті ертең шығамын десеңдер де әзірмін. Кез келген салмақтағы кез келген қарсыласпен жұдырықтасуға дайынмын, — деді Жәнібек Әлімханұлы.
Еркеғали БЕЙСЕНОВ,
АСТАНА
«I’m the most avoided boxer.»
🗣️ @QazaqStyle makes his message clear. pic.twitter.com/Ci6gCFlups
— Top Rank Boxing (@trboxing) May 14, 2023