• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    «Қазақстан барысы-2023» турнирінің жеңімпазы анықталды (ВИДЕО)

    Астанадағы «Барыс Арена» спорт кешенінде өткен «Қазақстан барысы-2023» республикалық турнирінде балуан Ғалымжан Қырықбай жеңімпазы атанды.

    Ол финалда «Маңғыстау барысы» Нұрдәулет Жарылғаповты ұтты. Осылайша Жамбыл облысының балуаны, «Әскер барысы» Ғалымжан Қырықбай «Қазақстан барысы» атанды.

    Финалда балуандар бір-бірін аңдысып, негізгі уақыт тең аяқталған еді. Бірақ белдесудің соңында Ғалымжан Қырықбайдың бағы басым болды.

    Биылғы балуандар бәсекесінде 41 үміткер бақ сынады.

    Ғалымжан Қырықбай бұған дейін «Қазақстан барысы» турнирінің күміс те, қола да жүлдегері болған. Биылғы бәсекеде ол алтын тайтұяқ пен 25 млн теңгені иеленді. Ал «Қара бура» Нұрдәулет Жарылғапов екінші рет жарыстың күміс жүлдегері атанды. Қола белбеуді павлодарлық балуан Мұхтар Дәлелханұлы қанжығасына байлады.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *