• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Author Archives: admin

    Даму кубогы: Қазақстан жасөспірімдер құрамасы екінші рет жеңіске жетті (ВИДЕО)

    Беларусьтің Минск қаласында футболдан 17 жасқа дейінгі жастар арасында өтіп жатқан Даму кубогы үшін халықаралық турнирде Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Өзбекстан командасын 3:0 есебімен ұтты. Кездесуде алғаш болып 10-минутта жартылай қорғаушы Ілияс Әбіл есеп ашты. Ал 20-минутта шабуылшы Темірлан Ағыманов есепті еселей түсті. Одан кейін Виктор Лакеев 80-минутта үшінші допты торға тулатты. Кездесуде ел құрамасынан үздік ойыншы болып Ілияс Әбіл танылды. ...

    Read More »

    Түркиядағы жер сілкінісінен ерлі-зайыпты волейболшылар қаза тапты

    Түркияның Кахраманмараш қаласындағы жер сілкінісі салдарынан волейболшы Бетюль Чобан Чакыр мен оның жолдасы Бедреддин Чакыр қаза тапты. Бетюль Чобан Чакыр көп жылдан бері Газиантептің «Меринос» волейбол клубында өнер көрсетті. Оның жұбайының да волейболға қатысы бар болғанымен, ол кәсіпқой ойыншы болған емес. Соңғы мәліметтер бойынша Түркиядағы екі жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 5834-ке жетті. 34 810 адам жарақат алды.   ...

    Read More »

    Қарағанды облысында балалардың тегін спорт үйірмелеріне 2 млрд теңге бөлінді

    Биыл Қарағанды облысында балалардың тегін спорт үйірмелеріне 2 млрд-тан аса теңге бөлінді. Биыл тегін спорт секцияларын қаржыландыруға 2 млрд 164 млн теңге бөлінді. Өңірде Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Қарқаралы, Шахтинск, Саран, Бұқар жырау, Осакаров, Абай және Шет аудандарынан 48 спорт қызметін ұсынушы жұмылдырылды, — делінген хабарламада. Бұған дейін ArtSport бағдарламасымен 560 мыңнан аса бала мен жасөспірім қамтылатыны хабарланған еді.   Дәурен ЕРБОЛАТ, АСТАНА

    Read More »

    Белсенділер Түркияға көмекке қол ұшын беріп жатыр

    Белгілі кәсіпкер, журналист Арман Шораев бастаған азаматтар Түркияда зілзаладан зардап шеккендерге қол ұшын беріп, көмектесуді бастап кетті. Бұл туралы қоғам белсендісі Facebook-те көмек беремін деген азаматтарға қарата үндеу жариялады. Түркиядағы алапат жер сілкінісінен үйлер қирап, біраз кісі опат болды. Аман қалған туысқан түрік ағайындарымыз шиттей бала-шағасымен ашық алаңдарда, суық далада жүр. Бой жылытуға, үйге кіруден қорқып отыр. Осы сәтте, Қазақ ...

    Read More »

    Жас теннисшілер халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды

    Теннисшілер Томирис Нұржан мен Әмір Омарханов халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды. Томирис Нұржан Испанияның Барселона қаласында өткен Open Banc Sabadell U-14 Champion турнирін жеңіп алса, Әмір Омарханов Қарағандыда төртінші санаттағы ITF Juniors турнирінің бас жүлдесін иеленді. Қазақстан теннис федерациясының хабарлауынша, Томирис Нұржан финалда жергілікті ойыншыны 6:4, 6:2 есебімен жеңген. Жеңімпазға сыйлықты Каталония мэрі тапсырып, оның жеңіске деген жігерін атап өтіп, отандасымызды ...

    Read More »

    Мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева да депутат болғысы келетінін айтты

    Мәнерлеп сырғанаушы, 2019 жылғы әлем вице-чемпионы Элизабет Тұрсынбаева Алматы қаласы мәслихатының депутаты болғысы келетінін айтты. Ол кандидат болып сайланатынын хабарлады.   Менімен жақсы араласатын адамдар кез келген кәсіпті ұршықша үйіріп әкететінімді біледі. Мен қандай жұмыс, шаруа болсын, бәрін тиянақты етіп, жанашырлықпен істеймін. Жарысқа дайындыққа аса жауапкершілікпен қараймын. Сабағымды да жақсы оқимын. Мен күн сайын жаңа биіктерге жеткім келеді.  Бұл – менің ...

    Read More »

    Түрік жаттықтырушысы жер сілкінісінен отбасындағы 15 адамнан айырылды

    Түркиядағы жер сілкінісінен «Сивасспор» футбол клубының жаттықтырушысы Айхан Тенбелоглу отбасындағы 15 адамнан айырылды. Бұл туралы ensonhaber сайтына сұхбат берген түрік командасының бас жаттықтырушысы Рызы Чалымбай айтты. Бұл өте қайғылы жағдай болды. Біз Сиваста зілзала туралы естіп, білдік. Сол күні таңертең мен «Хатайспор» клубында істейтін өзімнің бұрынғы көмекшім Шыңғыс Қожаға  хабарластым. Ол менің көмекшім Айхан Тенбелоглудың отбасындағы 15 адамнан айырылғанын естіртті. Бүтін ...

    Read More »

    Лионель Месси үздік ойыншы атанды

    Аргентина мен «Пари Сен-Жермен» клубының шабуылшысы Лионель Месси былтырғы жылдың қорытындысы бойынша Оңтүстік Американың үздік ойыншысы атанды. Сhampionat.com сайтының хабарлауынша, Халықаралық футбол тарихы және статистикасы федерациясы (IFFHS) Оңтүстік Американың өткен жылғы үздік ойыншыларын анықтаған. Көш басында Лионель Месси тұр. Сонымен, үздіктердің толық құрамы мынада: Қақпашы: Эмилиано Мартинес (Аргентина, «Астон Вилла»); Қорғаушылар: Николас Отаменди (Аргентина, «Бенфика»), Тьяго Силва (Бразилия, «Челси»), Кристиан ...

    Read More »

    Нысана көздеуден Қазақстан құрамасы Әлем кубогында бірінші орынды иеленді

    Қазақстан құрамасы нысана көздеуден 11 медаль жеңіп алып, Әлем кубогының медальдық есебінде бірінші орынға ие болды. Мәдениет және спорт министрлігінің хабарлауынша, нысана көздеуден Қазақстан құрамасы рейтингтік Әлем кубогында командалық бірінші орынды иеленген. Индонезия астанасы Жакартада өткен жарыста ел намысын 15 спортшы қорғады. Олар 11 медальді (3 алтын, 5 күміс, 3 қола) жеңіп алды. Жалпы, бұл әлемдік додаға 32 елден 350 ...

    Read More »

    Тұлғаны еске алу турнирі

    «Жақсы адам ел ырысы, жаңбыр жауса жер ырысы», деген екен дана халқымыз. Қазақ спортының дамуына зор үлесін қосқан тау тұлғалы азаматтар көп екенін білеміз. Солардың ішінде басшылық қызметте жүріп, қолынан келген жақсылығын қазақ спортының өркендеуіне, кешенді ғимараттардың бой көтеруіне сүбелі үлесін қосқан ірі тұлғаның бірі — Каркен Ахметұлы Ахметов деп айтар едік. Ол кісінің Қазақ КСР Министрлер Кеңесіндегі Спорт комитетінің ...

    Read More »