• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Арина Алтухова нысана көздеуден Олимпиада лицензиясын алды

    Нысана көздеуден Оңтүстік Кореяның Чангвон қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Арина Алтухова Олимпиада жолдамасын алды.

    Ол 50 метр жерден пневматикалық тапаншадан үш позициядан оқ ату жарысында финалда бесінші орын иеленіп, Париж Олимпиадасының лицензиясына ие болды.

    Бұл — Қазақстан құрамасы үшін осы спорт түріндегі екінші лицензия. Бакуде өткен әлем чемпионатында алғашқы жолдаманы Ислам Сәтпаев иеленген болатын.

    Азия чемпионаты 2 қарашаға дейін жалғасады.  Онда барлығы 24 Олимпиада лицензиясы сарапқа салынады.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    ФОТО: Туризм және спорт министрлігі

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *