Жапондар дзюдосын, кәрістер таеквондосын әлемге қалай танытқаны сияқты бізде өзіміздің ата-бабамыздан келе жатқан дәстүрлі төл күресімізді төрткіл дүниеге кеңінен насихаттау жолында бар күш-жігерімізді, қолымыздан келген мүмкіндігімізді аянып қалмауымыз керек. Елімізде қазақ күресінің дамуы жолында өтетін дүбірлі жарыстар көп деп айта алмаспыз. Солардың бірі әрі бірегейі Райымбек Түкеұлы атында жасөпірімдер арасында республикалық дәстүрлі аламан жекпе-жек болып саналады. Батыр бабамыз Райымбек туған ...
Read More »Author Archives: admin
Батуттағы гимнастикадан Әлем кубогы: Қазақстан – қола жүлдегер!
Болгарияның Варна қаласында өтіп жатқан батуттық гимнастикадан Әлем кубогында Қазақстан қоржынына қола медаль түсті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Синхронды секіруден аралас жұптық сайыста Ерлан Тасмағамбетов пен Виктория Бутолина 49.68 ұпаймен қола жүлдегер атанды. Жапон спортшылары 50.33 нәтижесімен топ жарса, күміс медаль бейтарап мемлекет (50.29) өкілдеріне бұйырды. Әлем кубогына жалпы 14 елден 60-тан астам ...
Read More »«Реал» (Мадрид) футболшылары Алматыға келе жатыр
«Реал» (Мадрид) Қазақстанға сапар алдында ойыншылардың фотосуреттерін жариялады. Клубтың ресми Instagram парақшасында «Реал» (Мадрид) командасының Алматыға ұшуға дайындалып жатқанын көруге болады. Фотода Килиан Мбаппе, Винисиус Жуниор, Джуд Беллингем, Арда Гүлер, Франко Мастантуоно, Родриго, Тибо Куртуа, Эндрик Фелипе мен Дани Себальос түсірілген. Матч алдында Испанияның клубы «Қайратқа» қарсы құрамын жариялады. Бұл ойын 30 қыркүйекте сағат 21:45-те Алматыдағы Орталық стадионда басталып, Qazaqstan ...
Read More »III ТМД елдері ойындары: Қазақстан қоржынына суға жүзуден төрт жүлде түсті
Әзербайжанда басталған ТМД елдерінің III ойындарында суға жүзуден Қазақстан құрамасы үшін алғашқы жарыс күні сәтті өтті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Қазақстан спортшылары 2 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды. Назарларыңызға жүлдегерлерді ұсынамыз: Тайисия Короткова (баттерфляй, 100 м) – күміс медаль; Маргарита Зайцева (шалқалай жүзу, 200 м) – күміс жүлде; Маргарита Раенко (шалқалай ...
Read More »Дмитрий Патанин – Сомбатхейдегі Challenge cup турнирінің жеңімпазы!
Мажарстанның Сомбатхей қаласында өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Challenge Cup жарысында Қазақстан командасының қоржынына алтын медаль түсті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. —Еркін жаттығудың финалында отандасымыз Дмитрий Патанин жеңіске жетті. Оның еншісінде 13.900 ұпай бар. Күміс жүлде 13.600 балл алған Кевин Пенев (Болгария) еншісінде. Үздік үштікті Артём Долгопят (Израиль) 13.200 ұпаймен түйіндеді, — делінген хабарламада. ...
Read More »Данил Васильев FIS кубогында күміс медаль алды
Германияның Хинтерзартен қаласында шаңғымен тұғырдан секіруден өтіп жатқан FIS кубогында ұлттық құраманың спортшысы Данил Васильев 229,6 ұпаймен екінші орын алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Бұл бағдарламада Австрия өкілі Юлиан Шмид жеңімпаз атанса, қола жүлдені словениялық Рок Облак иеленді.
Read More »Спортшылар коалициясы УЕФА-ға Израильді ұйымнан шығаруды ұсынды
Франция құрамасының жартылай қорғаушы Поль Погба мен крикетші Муин Алиді есептегенде 48 спортшы Израильді Газа секторындағы палестиналықтарға жасаған қылмысы үшін Еуропа футбол қауымдастығынан шығарып тастауды сұрады. Бұл туралы Aljazeera агенттігі хабарлады. — Әртүрлі сенім-нанымнан, түрлі тектен шыққан кәсіпқой спортшылар ретінде біз спорт әділдік, адалдық және адамгершілік принциптерін сақталуы керек деп санаймыз. Біз, Athletes 4 Peace бейбітшілік құжатына қол қойғандар, УЕФА-ны Израильді ...
Read More »Шахматшы Ксения Балабаева – рапидтен әлем чемпионы!
Перудің астанасы Лима қаласында өтіп жатқан шахматтан 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында (рапид бойынша) Ксения Балабаева жеңіске жетті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. 19 жастағы отандасымыз әлем чемпионатының 9-турынан кейін 7 ұпай жинап, ең үздік нәтиже көрсетті. Жарыс швейцар жүйесі бойынша 15+10 уақыт бақылауымен (әр ойынға 15 минут және әр жүріске 10 ...
Read More »БАЛУАНТАС
Торғай аймағындағы жаратылысы көркем жерлердің бірі – Маятас өңірі. Бұрын Сарыторғай кеңшарының бір бөлімшесінің орталығы еді. Қазір елсіз, айтақырға айналған. Маятастың бауырынан Қараторғай өзені ағады. Оның арғы бетінде, өткелдің ауызында жападан-жалғыз бір алып тас жатыр. Бұрын талай көрсек те, мән берген емес едік. Сөйтсек оның өз бойына бүккен сыры бар екен. Біз қайдан білейік, таулы жердің өзенінің жағасынан кездесіп қалып ...
Read More »Спортшылар 2028 жылғы Олимпиадаға дайындалу мақсатында ХОК стипендиясына ие болды
Еліміздің Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) 2028 жылы Лос-Анджелесте (АҚШ) өтетін Олимпиада ойындарына дайындалу мақсатында жекелей стипендиясын алған спортшылардың есімі белгілі болды, деп хабарлады Ұлттық Олимпиялық комитет. Бұл бастаманы Қазақстан Ұлттық Олимпиялық комитеті көтеріп, ұлттық федерациялармен және ХОК-мен бірлесе жұмыс жүргізді. Сондай-ақ барлық қажетті құжаттарды рәсімдеуді қамтамасыз етті. Бағдарламаның мақсаты — спортшыларды төртжылдықтың басты додасына іріктеу кезеңінде және дайындық барысында қолдау. ...
Read More »
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары