• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Author Archives: admin

    «Болашақ ойындары 2024»: Қазақстан киберспортшылары 175 мың доллар алды

    Ресейдің Татарстан Республикасының Қазан қаласында өтіп жатқан «Болашақ ойындарында – Future Games 2024» турнирінде еліміздің бес адамнан құралған XGod командасы «Counter-Strike 2 + лазертаг» жарысында жеңімпаз атанды, деп хабарлады Қазақстан киберспорт федерациясы. Турнирде Сүлеймен Оразалы жарыстың үздік ойыншысы атанды. Xgod командасы финалда LFO (looking for Org) командасынан 2:0 есебімен басым түсті. Жеңімпаз командаға 175 мың доллар (шамамен 80 млн теңге) ...

    Read More »

    Су спортынан АЧ: Қазақстан тарихи нәтиже көрсетті

    Филиппиннің Нью-Кларк-Сити қаласында су спорты түрлерінен әр жастағы XI Азия чемпионатында жүзуден жарыс аяқталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы. Соңғы жарыс күні спортшылар тағы 6 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль жеңіп алды. А тобында Әділбек Мусин (50 м баттерфляй), Ксения Игнатова (шалқалай жүзу 200 м), София Сподаренко (50 м баттерфляй) чемпион атанса, Диана Тасжанова 200 ...

    Read More »

    Қазақстан Грекиямен матчқа құраманы жариялады

    Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Магомед Адиев Ұлттар лигасы плей-офф кезеңінің жартылай финалында Грекия командасымен болатын матчқа шақырылған ойыншыларының кеңейтілген тізімін жариялады, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы. Жалпы тізімге 33 футболшы енді. Қақпашылар: Игорь Шацкий («Шахтер»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Данил Устименко («Қайрат»), Александр Заруцкий («Астана»); Қорғаушылар: Сергей Малый, Темірлан Ерланов (екеуі де – «Ордабасы»), Роман Асранкулов, Руслан Валиуллин, Еркін Тапалов (бәрі – «Тобыл»), Марат ...

    Read More »

    Холанд бір матчта бес гол салып, 1970 жылғы рекордты қайталады (ВИДЕО)

    Англияның «Манчестер Сити» клубының шабуылшысы Эрлинг Холанд бір матчта бес гол салып, команданың 54 жыл бұрынғы рекордын қайталады. 54 жыл бұрын 1970 жылы Англия кубогы үшін ойында «Манчестер Юнайтед» клубының сол кездегі шабуылшысы Джордж Бест «Нортхэмптон» командасының қақпасын алты рет дәл көздеген болатын. Норвегия құрамасының форварды Англия кубогының 1/8 финалында «Лутон Таунмен» ойында алаң иелерінің қақпасына 55 минутта 5 гол ...

    Read More »

    Испанияның легионері Астанаға 1, 4 млн еуро айлыққа келе жатыр

    Lefimerida порталына сілтеме жасаған sports.kz-тің хабарлауынша, Грекияның «Ламия» клубының 33 жастағы ойыншысы Карлитос «Астана» клубымен екі жылға жарамды келісімшартқа қол қою үшін келеді. Оның жалақысы да белгілі болды. Ол айына 1, 4 млн еуро айлық алады. Сонымен бірге «Астана» испан шабуылшысының трансфері үшін «Ламияға» 300 000 мың еуро берген. Карлитос Грекия чемпионатында «Ламияның» жейдесінде «Атромитос» клубына қарсы соңғы рет алаңға ...

    Read More »

    Астанаға Париж Олимпиадасының бойтұмары келді

    Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Францияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Дидье Канесспен кездесті, деп хабарлады ведомство. Кездесу Париждегі жазғы Олимпиада және Паралимпиадаға дайындық жөніндегі штабта болды. Онда екі елдің өкілдері алдағы Олимпиялық ойындарды ұйымдастыру мен өткізуді талқылады. Франция елшісі министрге  Олимпиаданың ресми бойтұмарын табыс етіп, Астанада Париждегі ойындарға арналған мурал салу туралы жоспарын айтты. Франция 2022 жылдан бері ...

    Read More »

    Ертең футболдан Қазақстан чемпионаты басталады

    Ертең футболдан Қазақстан чемпионаты басталады. Премьер-лиганың биылғы маусымына 13 өңірден 14 клуб қатысады. Олар — «Ақсу», «Ақтөбе», «Астана», «Атырау», «Елімай», «Жеңіс», «Жетісу», «Қайрат», «Қайсар», «Қызылжар», «Ордабасы», «Тобыл», «Тұран» және «Шахтер». Қазақстан чемпионаты 1 наурыз бен 10 қараша аралығында боалды. Мачтардың көбі дәстүрлі түрде демалыс күндерге жоспарланған. Маусымның алғашқы ойыны еліміздің жеті дүркін чемпионы «Астана» мен 16 жылдан кейін Премьер-лигаға оралған ...

    Read More »

    Василий Левит Астана қаласының спортын басқарады

    Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы лауазымына Василий Левит тағайындалды. Ол 1988 жылы Қостанай облысында туған. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері,  екі Олимпиялық ойындарға  қатысқан. 2016 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері, әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері, Қазақстан тарихындағы алғашқы үш дүркін Азия чемпионы, Азия чемпионатының екі дүркін жүлдегері, бокстан халықаралық және ұлттық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы, -деді ...

    Read More »

    Су спортынан АЧ: Қазақстанның қоржыны тағы алтын жүлдемен толықты

    Қазақстан спортшылары Филиппиннің Нью-Кларк-Сити қаласында су спорты түрлерінен өтіп жатқан XI Азия чемпионатында тағы екі алтын мен екі күміс медальді жеңіп алды. Ал әйелдер құрамасы Азия мен Қазақстанның рекордын жаңартты. Әуелі 100 метрге еркін әдісте жүзуде Софья Сподаренко мәреге бірінші болып келсе, ерлер жарысында Әділбек Мусин де жақсы нәтиже көрсетті. Ол Таиланд өкілінен небәрі 18 секундқа қалып қойып, күміс жүлдені ...

    Read More »

    Олимпиада киімінің дизайнына ашық конкурс жарияланды

    Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру комитетінің Спортты дамыту дирекциясы биыл Парижде өтетін жазғы Олимпиадаға арналған Қазақстан ұлттық құрамасының киім формасы мен оған қосымша керек-жарақ жабдықтардың дизайн тұжырымдамасын әзірлеуге арналған ашық конкурс жарияланғанын хабарлады. Киімдер салтанатты рәсімге және жаттығуға арналған жұптан тұрады. Конкурс кезінде келіп түскен жұмыстарды арнайы комиссия құрамы қарап, ортақ шешім қабылдайды. Жұмыс тобының қатарына Туризм ...

    Read More »