• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Author Archives: admin

    Бокс: Азия чемпионатының жеребесі тартылды

    Иорданияның астанасы Амман қаласында бокстан XXXII Азия чемпионатының жеребесі тартылды. Бүгіннен бастап 13 қарашаға дейін Иорданияның төрінде 25 салмақтың биылғы үздігі анықталады. Бұл жолы сары құрылықтағы 27 елден 181 ер адам пен 86 əйел боксшы сынға түседі. Қайрат Сəтжановтың 7 шəкірті жарысты өз салмағындағы №1 боксшы ретінде бастайды. Ал əйелдер арасында чемпионат басталмай жатып-ақ ел қоржынына 3 жүлде түсті. Мәдина ...

    Read More »

    Қайрат СӘТЖАНОВ: «Биылғы додада есе қайтарамыз»

    Иорданияның астанасы Амман қаласында өтетін бокстан Азия чемпионатына әйелдер құрамасының ізін ала Қазақстан ерлер командасы да аттанды. Ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Қайрат Сəтжановтың шəкірттері Алматы облысының Бәйтерек ауылындағы орталықта оқу-жаттығу жиынын өткізіп, шешуші жекпе-жектерге дайындықты аяқтады. Осы тұста кей салмақтарда бəсекелестік өте жоғары болғаны сонша, кімнің баратынын анықтау қиын болған екен. Мәселен, бапкерлерге 63,5 келіде «Елорда кубогы» халықаралық турнирінің жүлдегерлері ...

    Read More »

    «Дұғада болайық»: боксшы Қоңқабаев командаға қолдау білдіруге шақырды

    Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының көшбасшысы Қамшыбек Қоңқабаев жанкүйерлерді Азия чемпионатының алдында командаға қолдау білдіруге шақырды. Бұл туралы ол Instagram-да айтты. Жеребе тартылды. Аллаға шүкір жігіттер бабында. Ендігі кезекте бағымыз қатар шауып, қазақ елін жеңіспен қуантсақ деген сенімдеміз. Қолдауларыңызды білдіріп, құрамаға жеңіс тілеп, ел абыройын қорғайтын батырларымызға дұға етіп қойыңыздар, — деді ол. Азия чемпионаты бүгін басталады. Қамшыбек Қоңқабаевтың өзі ел ...

    Read More »

    Бокс: Қазақстан Азия чемпионаты басталмай жатып үш жүлде алды

    Бокстан Қазақстан құрамасы Иорданияның астанасы Амман қаласында өтетін Азия чемпионаты басталмай жатып үш жүлде алды. Биылғы Азия чемпионатын Қазақстанның әйелдер құрама командасының сапындағы Мәдина Нұршаева (66 кг), Гүлсая Ержан (81 кг) мен Ләззат Күнгейбаева (+81 кг) финалдан бастайды. Сондықтан олар қазірдің өзінде қола жүлдені иеленіп отыр. Олардан басқа, Азия чемпионатында ел намысын Алуа Балқыбекова (48 кг), Назым Қызайбай (50 кг), ...

    Read More »

    «Turan Barysy» Азия кубогын Қазақстан құрамасы жеңіп алды

    Түркістанда «Olympic center» спорт сарайында алғаш рет қазақтың ұлттық күресінен өткен «Turan Barysy» Азия кубогы үшін турнир өтті. Жарыста Қазақстан балуандары жеңімпазы атанды. Турнирге Түркі мемлекеттері ұйымының алты елі – Түркия, Өзбекстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Мажарстан мен Қазақстанның балуандары қатысты. Финалға Қазақстан мен Өзбекстан командасы шықты. Қазақ  балуандары Өзбекстанның өкілдерін 4:3 есебімен ұтып, турнирдің бас жүлдесін жеңіп алды. Күміс жүлдені Өзбекстан, ...

    Read More »

    «Үлкен дулыға» турнирі: дзюдошылардың тізімі жарияланды

    4-6 қараша аралығында Әзербайжанның астанасы Баку қаласында дзюдодан «Үлкен дулыға» кезеңі өтеді. Кезекті татами төріндегі бәсекеде 63 елдің 400-ге жуық спортшысы күш сынасады. Оған Қазақстан командасы мына құрамда қатысады: Ерлер – Бауыржан Нарбаев (-60 кг), Ғұсман Қырғызбаев (-66 кг), Данияр Шамшаев (-73 кг), Абылайхан Жұбаназар (-81 кг), Ерқанат Молдағұлов (-100 кг), Жамбыл Тұрғынәлиев (+100 кг); Әйелдер – Самалай Ерғалиева (-63 ...

    Read More »

    Бокс: Абылайхан Жүсіпов АҚШ-та шаршы алаңға шығады

    Қараша айында боксшы Абылайхан Жүсіпов АҚШ-та жекпе-жек өткізеді. Ол 5 қараша күні Миннеаполис қаласында Айдос Ербосынұлы мен Дэвид Морелл жекпе-жегінің андеркардында WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы үшін шаршы алаңға шығады. Бұл — оның кәсіпқой бокстағы екінші айқасы. Қазір Абылайхан Жүсіпов пен Айдос Ербосынұлы АҚШ-қа келіп, жекпе-жекке дайындалып жатыр. Айта кетсек, Абылайхан Жүсіпов — әуесқой бокста Қазақстанның ұлттық құрама командасының ...

    Read More »

    Әлем чемпионаты: Қазақстан каратэшілері алтын жүлде алды

    Қазақстан каратэшілері Түркияның Конья қаласында өткен әлем чемпионатында 2 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль жеңіп алды. Бұл додаға әлемнің 105 елінен 1900 спортшы қатысып, күш сынасты. Онда Максим Москвичев жасөспірімдер арасында 61 келі салмақта топ жарды. Тағы бір отандасымыз Әлихан Қадырғали кадеттер арасында 70 келі салмақта сынға түсіп, жеңіс тұғырынан көтерілсе, жарысқа 55 келі салмақта жасөспірімдер арасында қатысқан Бэлла Самашева ...

    Read More »

    Қазақстан Әлем кубогының күміс жүлдегері атанды

    Еліміздің шорт-тректен ерлер құрама командасы Канаданың Монреаль қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының алғашқы кезеңінде эстафетада екінші орын алды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің спортты дамыту дирекциясы хабарлады. «А» тобының финалында Қазақстанмен бірге Италия, Оңтүстік Корея мен Канаданың спортшылары күш сынасты. Бұл квартетте мәре сызығын Оңтүстік Корея бірінші болып қиды (7:01.850). Ал отандастарымыз 7:07.972 нәтиже көрсетіп, күміс жүлдеге ие болды. Қола ...

    Read More »

    Ұлағатты ұстаздың есімі ұлықталды

    Өткен сенбі және жексенбі күндері Алматы облысы Іле ауданы Өтеген кентіндегі Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде 2009 – 2010 жылдары туған ұлдар мен қыздар арасында Президенттің Құрмет грамотасы және Білім және ғылым министрлігінің «Ы.Алтынсарин» белгісінің иегері, ұлағатты ұстаз, ардақты ана Ғалия Нәдірбекқызы Нәдірбекованы еске алуға арналған дзюдодан жарыс өтті. Оған Іле ауданының барлық ауыл-аймақтарынан 200-ге жуық бота балуан қатысып, қыздар ...

    Read More »