• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Author Archives: admin

    Бородюк: «Румынияға қарсы жаңа тактикамен ойнаймыз»

    Қазанның 5-інен 6-сына қараған түні Қазақстан ұлттық құрамасы 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында сырт алаңда Румыния командасымен кездеседі. Бүгін осыған орай ұлттық құрамамыздың бас жаттықтырушысы Александр Бородюк пен шабуылшы Сергей Хижниченконың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. Сергей Хижниченко: — Біз үшін маңызды матч. Ұлттық құрама үшін жанымызды саламыз. Жанкүйерлерімізді қуантқымыз келеді. Румынияда жаңа бапкер, құрамаларына жаңа ойыншылар қосылды. Бірақ ...

    Read More »

    Космин Контра: «Біз үшін Қазақстанмен ойын маңызды»

    Румыния ұлттық құрамасының жаттығу базасында баспасөз мәслихаты өтті. «Қазақстанмен Астанадағы матч жасанды көгалда болды. Ауа-райы да салқын еді. Біздің футболшылар қиналғаны рас. Ертең басқаша ойын болады деп ойлаймын. Құраманың жаңа жаттықтырушысы алғашқы матчым болған соң мен үшін осы ойын маңызды. Ертеңгі кездесуге тыңғылықты дайындалып жатырмыз. Қазақстан құрамасының бас бапкері Бородюкті Германиядағы ойындарынан жақсы білемін. Қазақстан — жақсы құрама. Кейбір ойыншылары ...

    Read More »

    Қазақ күресінің желбіреген жалауы

    Серік Төкеев ағамызды бізден артық білетін адамдар көп қой. Оны өзімен өмір бойы үзеңгілес болып, сырласып жүрген әріптестері жақсы біледі. Ал біздің Серік ағамен таныстығымызға 13 жылдай ғана уақыт болыпты. Содан бері екеуміз ағалы-інілі болып сыйласып келеміз. Секеңмен таныстығым 2004 жылы басталған. Бұл – Афина Олимпиадасы өтетін жыл болатын. Сол жылы «Егемен Қазақстан» газетінде істеп жүргенімде спортшылардың төрт жылда бір ...

    Read More »

    Қазақстан құрамасы Румынияға келді

    Кеше футболдан еліміздің ұлттық құрама командасы Румынияға келді. Құраманың ойыншылары мен жаттықтырушылары ұшақтан түскен бойда бірден Бухаресттен 54 км қашықтықтағы Плоешти қаласына келіп, қонақ үйге орналасты. Бүгін құрама команда ашық жаттығу мен баспасөз мәслихатын өткізеді. Ал Румыния мен Қазақстан құрамаларының матчы 5-нен 6 қазанға қараған түні Плоешти қаласындағы «Илие Оана» стадионында өтеді. Кездесу Астана уақытымен сағат 00.45-те басталады. Бұл еліміздің бас командасының ...

    Read More »

    Астанада үстел теннисінен «World Tour Grand Finals» турнирі өтеді

    Желтоқсанның 14-17 аралығында Астананың «Дәулет» спорт кешенінде үстел теннисінен әлемдік «World Tour Grand Finals» турнирі өтеді. Осыған байланысты бүгін Орталық коммуникациялық қызметінде  бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне  баспасөз мәслихаты  өтті. БАҚ өкілдерінің басын қосқан шараға Үстел теннисі федерациясының бас хатшысы Серік Қасқабасов, Мәдениет және спорт министрілігі Спорт және денешынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Серік Жарасбаев пен әлемдік «World Tour Grand Finals» ...

    Read More »

    Таразда тартысты турнирге татами төселді

     29 қыркүйек пен 1 қазан аралығында Таразда дзюдодан КСРО Спорт шебері Бақытжан Ташметовты еске түсіруге арналған  жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнир өтті. Оған Қазақстан, Беларусь, Армения, Ресей, Грузия, Әзірбайжан, Оңтүстік Корея, Моңғолия, Қырғызстан мен Өзбекстаннан 600-ге жуық жас дзюдошы қатысты. Ал Бейжің Олимпиадасының күміс медаль иегері Асхат Житкеев пен Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Елдос Сметов турнирдің құрметті қонағы болды. КСРО Спорт ...

    Read More »

    Давид Лория: «Бізге жанкүйерлердің қолдауы ерекше күш береді»

    Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы Давид Лория  Румыния мен Армения құрамаларына қарсы ойын туралы ойын айтты. — Ең алдымен жеңіске деген құлшынысымыз болу керек. Қарсыластарымыздың қарымынан жасқанбай, өз жоспарымызды толығымен іске асыруды ойлағанымыз жөн. – Алдағы екі ойынның қайсысы маңыздырақ деп ойлайсыз? – Бұл жерде нақты мына команданы ғана ұту керек деген ой болмауы керек. Жасыл алаңға шыққаннан кейін кез-келген ұжымды ...

    Read More »

    Александр Бородюк: Исламхан, Жуков, Мужиков көмектесе алмайды

    – Ұлттық құраманың алдағы ойындарға дайындық деңгейі туралы айтып беріңізші. Бірнеше ойыншы қатыса алмайтыны туралы белгілі болды. – Иә, ол рас. Алдағы ойындарға қатыса алмайтын ойыншыларымыз бар. «Астанадан» Мужиков, Шомко, Мокин көмектесе алмайды. Бізге жігіттердің денсаулығы маңыздырақ. Сондықтан өз клубтарында емделетін болады. Олардың тезірек жазылып кетуін тілейміз. – Ал Сергей Малыйды амалдың жоқтығынан шақырдыңыз ба? Қанша дегенмен, оның ойын практикасы ...

    Read More »

    Astana Pro Team «Алматы турында» жеңіске жетті

    Astana Pro Team велошабандозы Якоб Фульсанг «Алматы туры — 2017» екінші кезеңінің жеңімпазы, ал оның әріптесі Алексей Луценко – велододаның  төрт дүркін чемпионы атанды. Екінші кезеңде даниялық Якоб Фульсанг жарыс жолын 3 сағат 58 минут 01 секундта жүріп өтіп, мәреге бірінші болып жетті. Екінші болып қазақстандық Алексей Луценко 12 секундқа кешігіп келді. Ал үштікті швейцариялық шабандоз Крис Стусси түйіндеді. Осылайша, ...

    Read More »

    «Алматы туры – 2017» веложарысы елу елде көрсетіледі

    Ертең, яғни 30 қыркүйек күні Алматы қаласында дәстүрлі халықаралық «Алматы туры – 2017» көпкүндік веложарысы басталады. Биыл айтулы жарыс қарқын алып, көпкүндік пішінде өтетін болды. «Алматы турына» әлемнің 17 мемлекетінен 20 команда қатысады. Қазақстан намысын әдеттегідей Astana Pro Team командасы қорғайды. Осыған дейін өткен төрт жарыстың бәрінде дәл осы елордалық ұжым жеңіске жеткен болатын. Бүгін айтулы жарысқа қатысатын командалардың таныстырылу ...

    Read More »