• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Шавкат Рахмонов су тасқынынан зардап шеккен бір отбасыға үй салып береді

     Шавкат Рахмонов Қобда ауданында су тасқынынан зардап шеккен бір отбасыға үй салып береді.

    Аралас жекпе-жек файтері Шавкат Рахмонов Ақтөбе облысындағы Қобда ауданының Қобда ауылында болып, су тасқынынан зардап шеккен тұрғындармен кездесті.

    Белгілі спортшы қобдалықтарды Наурыз мейрамымен құттықтап, қиын кезеңді бастан өткерген халықпен әрдайым бірге екенін айтты. Қолдау ретінде бір отбасыға үй салып беретінін қуанышпен жеткізді.

    Наурыз мейрамымен баршаңызды құттықтаймын! Керемет күнде 24 үйдің қазығы қағылып жатыр. Мен де бұл бастамаға өз үлесімді қосамын деп шештім. «Апат айтып келмейді» дейді. Сынақтарға мойымай, жеңе білдіңіздер. Сіздерге денсаулық, бақыт тілеймін. Тек алға!, – деді Шавкат Рахмонов.

    Шавкат Рахмоновтың айтуынша, су тасқынынан, басқа да апаттан зардап шеккен адамдарға әрдайым көмектесу керек.

     

    Динара АМАНТАЙ,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *